ҒАЛЫМЖАН ЕСЕНОВ: БАРЛЫҚ ГРАНТТАР САҚТАЛУДА

Құрметті Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бағдарламаларының жеңімпаздары! Әдемдегі коронавирус пандемиясы мен Үкіметтің Қазақстанда барлық бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу қоюына байланысты сіздерді негізін қалаушы Ғалымжан Есенов пен қайырымдылық ұйымының жоғары басшылығының келесі шешімдері туралы хабарлаймыз хабарландырамыз.

  1. Осы жылдың жаз маусымына жоспарланған барлық ғылыми тағылымдамалар мен АҚШ ІТ-стартаптарындағы  тағылымдамалар (19 жеңімпаз) кейінге ауыстырылады, 2021 жылдың жазына ауысуы мүмкін. Кезкелген жағдайда тағылымдама күндері туралы шешім сіздермен бірлесе отырып және қабылдайтын тараптың жауабы және қабылдайтын елдер мен Қазақстандағы коронавирус бойынша өзгеріп отыратын саясатты ескере отырып, қабылданатын болады.
  2. Шәкіртақы бағдарламасы  (40 үміткер) финалының форматы толығымен өзгертіліп, оны біздің мамандар онлайн түрде 30-31 наурыз және 1-2 сәуір күндері Есенов шәкіртақысына үміткерлердің әрқайсысымен жеке өткізеді. Барлық финалға қатысушылар бұл туралы электронды пошта бойынша ақпараттандырылды.
  3. YDL (25 грант) жазғы мектебі ағымдағы сәтте тоқтатылмайды – 15 наурызда өтінімдер берудің соңғы (дедлайн) мерзімі.
  4. Алматы мен Астананың жетекші оқу орындарында өз саласындағы жетекші мамандармен өткізілетін «Есенов оқулары» қонақтық дәрістері үкіметтік тыйым салу қаулысының әрекет ету уақытына тоқтатылады.
  5. Ағылшын тілі бағдарламасы (90 студент, 38 оқытушы, 37 магистрант және докторант) Қарағанды медициналық университетінде онлайн-режимде ЖОО күндізгі оқу түрін ескере отырып, жалғастырылады. Қазіргі сәтте біздің серіктестер, яғни Bonas McFarlane Kazakhstan және ЖОО басшылығы оқу процесінің логистикасын талқылауда.
  6. 14 наурызға жоспарланған жоғарғы сынып оқушыларына арналған Find Your Way (400 қатысушыға дейін) конференциясы бұрынырақ тоқтатылған болатын.

Әлемдегі және елдегі коронавирусқа байланысты біздің шешімдердегі барлық өзгерістер туралы әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларда уақытылы ақпараттандырып отырамыз: Facebook, Instagram, Telegram. Жаңалықтарды бақылап отырыңыз, бағдарламаларыңыздың үйлестірушілерімен байланыста болыңыз.

Қорытындылай келе, біздің айтқымыз келетіні, кез келген жағдайда ең маңыздысы – сабырлық сақтау. Осыны ойында ұстаған адам кез келген қиындықты жеңе біледі. Бұл туралы және де ең қарапайым гигиена ережелерін орындау туралы ұмытпаңыздар.

13.03.20, Жаңалықтар

Көру саны: 69

Другие новости