Сарапшылар кеңесі

  • Эльдар Ахметгалиев

    ЖИ саласындағы техникалық сарапшы әрі сериялық кәсіпкер

    MOCAP Analytics негізін қалаушы (2017 жылы Sportradar құрамына қосылды). Қазіргі таңда narya.ai компаниясында ЖИ жөніндегі бас маман. Бұған дейін BallerTV-де Chief Science Officer қызметін атқарған. Қолданбалы математика, машиналық оқыту, ЖИ, блокчейн және спорттық аналитика бойынша тәжірибелі маман. Мәскеу физика-техникалық институтының түлегі, Caltech PhD докторанты (2015), Shakhmardan Yessenov Foundation Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. LinkedIn

  • Марина Скиба

    Қауымдастырылған профессор

    Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сараптамалық кеңесінің төрағасы. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының сарапшысы, ETF (Еуропалық білім беру қорының) елшісі, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (ҰМҒТСО) сарапшысы, BTS-education сарапшысы, Қаржы академиясының бұрынғы ректоры, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі кеңесшісі, п.ғ. к., қауымдастырылған профессор. LinkedIn

  • Нұрлыбек Қасымов

    Техникалық көшбасшы, кәсіпкер және қолданбалы зерттеулер маманы

    Atarino компаниясының тең құрылтайшысы әрі техникалық директоры. Бұған дейін Sportradar компаниясында Lead Data Scientist, Oracle Health-та Principal Member of Technical Staff қызметтерін атқарған. MOCAP Analytics негізін қалаушы инженерлердің бірі (2017 жылы Sportradar сатып алды). Қолданбалы математика, машиналық оқыту, ЖИ, есептеу гидродинамикасы, спорттық аналитика, медициналық БҚ және сөйлесу ЖИ салаларының маманы. Мәскеу физика-техникалық институтының түлегі, University of Colorado Boulder докторантурасында білім алған. LinkedIn

  • Ерлан Еділбаев

    Snap компаниясының ғылыми қызметкері

    Snap компаниясының ғылыми қызметкері, нейрондық желілерді сығымдауға және машиналық оқыту міндеттеріне арналған сандық оңтайландыру бағытында маманданған. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бакалавриатын 2013 жылы тәмамдаған. Кейін University of California, San Diego университетінде магистр дәрежесін (2016), ал University of California, Merced университетінде PhD ғылыми дәрежесін (2021) қорғаған. 15-тен астам ғылыми мақаланың және екі патенттің авторы. Сонымен қатар Meta, Google, NVIDIA және Amazon компанияларында жұмыс істеп, тағылымдамадан өткен. LinkedIn

  • Тамирлан Сейдахметов

    Data Science саласының техникалық сарапшысы

    Meta Reality Labs компаниясында Data Science менеджері. Бұған дейін Чикагодағы CCC Information Services компаниясында Data Scientist болып жұмыс істеген. Назарбаев Университетін (бакалавриат, химиялық инженерия, 2015) және Stanford University (магистратура, Management Science & Engineering, 2016) тәмамдаған. Shakhmardan Yessenov Foundation «Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жеңімпазы, Caltech университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. LinkedIn

  • Айгүл Имаділдаева

    EPAM Türkiye компаниясында аға бағдарламалық жасақтама инженері

    Сондай-ақ 2019-2025 жылдары Қазақстандағы POWR компаниясы кеңсесінің негізін қалаушы және аға инженерi. 2008 жылы Қаныш Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығын тәмамдаған. 2010 жылы Малайзия технологиялық университетінің ақпараттық технологияларды басқару бағыты бойынша магистр дәрежесін алған. Қаржы технологиялары (fintech) саласында еңбек еткен. 2016 жылы Shakhmardan Yessenov Foundation ұйымдастырған «АҚШ IT-стартаптардағы тағылымдама» бағдарламасының жеңімпазы. LinkedIn

  • Айдос Сарсембаев

    Machine Learning инженері, Data Scientist және профессор

    Робототехника саласындағы ғылым кандидаты, Алматы Менеджмент Университеті мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры. Қазақстандық компанияда аға Machine Learning инженері. Компьютерлік көру, сөйлеу технологиялары және машиналық оқыту салаларының маманы. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ магистрі (2011), University of Genoa PhD (2018). Shakhmardan Yessenov Foundation бағдарламасының жеңімпазы, Yessenov Data Lab 2020 тең авторы әрі оқытушысы. LinkedIn

  • Алмагүл Жанайдарова

    Apleum Technologies негізін қалаушысы және техникалық директоры

    Төмен көміртекті технологиялар саласында үлкен техникалық тәжірибесі бар кәсіпкер және өнертапқыш. Стэнфорд қаласындағы Калифорния технологиялық институтында және Беркли қаласындағы Калифорния университетінде 10 жылдан астам ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық тәжірибесі бар PhD докторы. LinkedIn

  • Берик Калиуллаев

    Hospital Universitario de Bellvitge ауруханасында патолог-анатомия бойынша резидент-дәрігер

    Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінде клиникалық және оқытушылық тәжірибесі бар терапевт-дәрігер, ғылыми қызығушылығы нефрология саласына бағытталған. Université de Tours, Universidad Autónoma de Barcelona және The University of Edinburgh бірлескен бағдарламасы бойынша жұқпалы аурулар және One Health тұжырымдамасы бағытында медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетін (бакалавриат және интернатура) тәмамдаған. Shakhmardan Yessenov Foundation «Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жеңімпазы, Colorado State University-де ғылыми тағылымдамадан өткен. LinkedIn

  • Арайлым Қамзабек

    St Barnabas Hospital (АҚШ) ауруханасының ішкі аурулар (Internal Medicine) бойынша резиденті

    Бұған дейін Mayo Clinic (кардиология, Рочестер), UCSF және Tsinghua University ұйымдарында ғылыми қызметкер болған. WeDocs Future TM стартабының (2019) негізін қалаушы, БСҚБТА аккредиттеу агенттігінің сарапшысы. ҚР Тұңғыш Президентінің шәкіртақысы мен Amgen Scholarship бағдарламасының иегері, Shakhmardan Yessenov Foundation «Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жеңімпазы. Клиникалық шешім қабылдау жүйелері, темекі шегудің жүрек-қантамыр жүйесіне әсері және превентивті медицина салаларында ғылыми зерттеу тәжірибесіне ие. LinkedIn

  • Арайлым Майкенова

    Дәрігер гастроэнтеролог / гепатолог

    MD, PhD (ғылым кандидаты), С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ гастроэнтерология кафедрасының ассистенті, INTERNA CLINIC гастроэнтеролог-гепатологі, Interna Academy білім беру бағдарламаларының директоры, QASL сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі. Астана медицина университеті және С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ түлегі. Vilnius University Hospital Santaros Klinikos, NYU Langone Health және Open Medical Institute ұйымдарында тағылымдамадан өткен. Shakhmardan Yessenov Foundation бағдарламасының жеңімпазы. APASL, EASL, AASLD мүшесі, 12 ғылыми жарияланымның авторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық нұсқаулығы мен хаттамаларының тең авторы. LinkedIn

  • Бимаржан Асатова

    Кембридж университетінің магистранты, осы күзгі семестрде Гарвард университетінің аспиранты

    Гарвард Университетінің молекулалық биология бағыты бойынша PhD докторанты, меланоманың даму механизмдері мен емге төзімділігін зерттейді. Кембридж университетінде биология ғылымдары бойынша магистр дәрежесін алған. Бұған дейін Harvard Medical School және MIT-те ісікке қарсы иммунотерапия мен ісіктердің емге төзімділік механизмдерін зерттеумен айналысқан. Ғылыми қызығушылықтары даму биологиясы, иммунология, онкология, геномды редакциялау және трансляциялық медицина салаларын қамтиды. Назарбаев Университетінің түлегі, Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпазы. LinkedIn

  • Евгений Ким

    Грац университетінің молекулалық медицина бағыты бойынша PhD докторанты

    Назарбаев Университетін биология ғылымдары мамандығы бойынша үздік тәмамдаған (2017), сондай-ақ Doctor of Medicine бағдарламасының түлегі (2021). Иммунология, молекулалық биология және медицина салалары бойынша 10-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. АҚШ пен Жапониядағы кардиология институттарында, сондай-ақ Shakhmardan Yessenov Foundation «Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жеңімпазы ретінде Питтсбург Университеті жанындағы Тамырлық медицина институтында ғылыми тағылымдамадан өткен. LinkedIn

  • Ернар Амергалиев

    Toptal компаниясының жетекші әзірлеушісі, TodoChat стартапының негізін қалаушы және қазақстандық Toptal мамандары қауымдастығының көшбасшысы

    iOS және Android платформаларына арналған React Native қосымшаларын әзірлеуде көпжылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын жаһандық клиенттік базасы бар халықаралық Quintiq компаниясында бастаған. Еуразия ұлттық университетінде (2007–2009) және Малайзиядағы Multimedia University-де (2009–2012) білім алған. «АҚШ IT стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасының жеңімпазы. LinkedIn

  • Ирина Должикова

    Назарбаев Университетінің Компьютерлік ғылымдар департаментінің инструкторы

    «Ғылым, инженерия және технология» мамандығы бойынша PhD дәрежесінің иегері, ми–компьютер интерфейстеріне (BCI) арналған болжамдық модельдер тақырыбында диссертация қорғаған. Назарбаев Университетін электр және электрондық инженерия мамандығы бойынша бакалавр (2016) және магистр (2018) дәрежелерімен тәмамдаған. Микроэлектроника, ми–компьютер интерфейстері және машиналық оқыту, соның ішінде терең нейрондық желілер бағытында ғылыми зерттеулер жүргізген. 2024 жылы Astana IT University университетінде дәріс берген. Shakhmardan Yessenov Foundation бағдарламаларының, соның ішінде «Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының (Rochester Institute of Technology) және шәкіртақы бағдарламасының жеңімпазы. LinkedIn

  • Сұлтан Мұсахан

    Канададағы Brock University ғылыми және оқытушылық ассистенті

    Докторлық диссертациясы ежелгі ДНҚ-дағы транспозондарды талдау негізінде адам эволюциясын зерттеуге арналған. Назарбаев Университетінің бакалавриат (2017) және магистратура (2019) бағдарламаларының түлегі. Shakhmardan Yessenov Foundation ұйымдастырған түрлі бағдарламалардың үш дүркін жеңімпазы. Сұлтан өзінің ғылыми қызметі арқылы теңдік, инклюзивтілік, барлық топтардың өкілдігін қамтамасыз ету және ағартушылық идеяларын белсенді түрде насихаттайды. Брок университетінің Brock Horizon 2021 шәкіртақысының иегері. LinkedIn

  • Азамат Есенғазин

    Pennsylvania State University докторанты

    Pennsylvania State University-дің химия мамандығы бойынша PhD докторанты. Оптика, энергетика және кванттық технологияларда қолданылатын инновациялық материалдарды зерттейді. Назарбаев Университетінің түлегі (2024), Shakhmardan Yessenov Foundation «Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының жеңімпазы. Бағдарлама аясында АҚШ-тағы Ohio State University-де бейорганикалық және органометалдық химия бағытында ғылыми тағылымдамадан өткен. LinkedIn

  • Айдар Әлімбаев

    MBZUAI-да докторант (Абу-Даби), ғылыми қызметкер

    Профессор Мартин Такачтың жетекшілігімен қолданбалы химиядағы катализаторларды есептеуде ЖИ қолдану бағытында зерттеу жүргізеді. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Fab Lab инженері, стартаптардың техникалық кеңесшісі және С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникациялар университеті им. Бонч-Бруевич магистратурасын (радиотехника, 2017) тәмамдаған. Марафондар мен ұзақ қашықтыққа жүзу жарыстарын қоса алғанда, спорттық жарыстарға тұрақты түрде қатысады. LinkedIn

  • Ақнұр Қалилаева

    Иллинойс университетінің магистранты, ғылыми қызметкер

    Иллинойс университетінің Урбана-Шампейн кампусының «Статистика» мамандығы бойынша магистранты, есептеу статистикасы мен деректерді талдау бағытында маманданған. Назарбаев Университетінің математика мамандығын үздік тәмамдаған. Study of the U.S. Institutes бағдарламасының қатысушысы (2022), Шахмардан Есенов шәкіртақысының иегері (2022), Yessenov Data Lab бағдарламасының жеңімпазы (2023). LinkedIn

  • Юлия Сабирова

    PhD докторанты, оқытушы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

    Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының PhD докторанты және оқытушысы. Ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады (Scopus), 2020 жылдан бері ҚР БҒМ жобаларына кіші ғылыми қызметкер ретінде қатысып келеді. «Математикалық және компьютерлік модельдеу» бағыты бойынша докторантурада білім алады, деформацияланатын орталардың бейсызық механикасын және күрделі жағдайларда бұрғылау жабдықтарының динамикасын зерттейді. Ғылыми жұмысын оқытушылық қызметпен қатар алып жүр. LinkedIn

  • Алибек Адильжан

    Оқытушы, зерттеуші ассистент

    Оқытушы, зерттеуші ассистент. Қазіргі уақытта ҚБТУ және Алматы Менеджмент Университеті университеттерінде оқытушы, сондай-ақ Математика және математикалық модельдеу институтының қызметкері. 2024 жылы ҚБТУ қолданбалы математика мамандығы бойынша (бакалавриат, магистратура) тәмамдаған. LinkedIn

  • Дәурен Сәрсенбаев

    Аспирант, ғылыми қызметкер, MIT

    Ядролық ғылым және инженерия саласы бойынша MIT аспиранты және ғылыми қызметкері, профессор Харуко Уэйнрайттың жетекшілігімен зерттеу жүргізеді. Оның ғылыми жұмысы ядролық қалдықтарды кәдеге жарату, экологиялық модельдеу, реактивті тасымал және деректерді талдау бағыттарына, соның ішінде ұзақ мерзімді экологиялық салдарды бағалау мен жоғары белсенді ядролық қалдықтардан энергия алу әдістерін зерттеуге арналған. Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпазы. 2022 және 2024 жылдары Lawrence Berkeley National Laboratory зертханасында ғылыми тағылымдамадан өткен, бүгінде аталған зертханамен ғылыми ынтымақтастығын жалғастырып келеді. LinkedIn

  • Наиль Бейсекенов

    Техникалық сарапшы, PhD докторанты, ғылыми ассистент, Texas A&M университеті

    Техникалық сарапшы, Texas A&M University-дің PhD докторанты және ғылыми ассистенті (Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы). NASA қолдауымен профессор Rusty A. Feagin жетекшілігімен АҚШ жағалауларындағы сулы-батпақты алқаптардың өзгерістерін спутниктік қашықтан зондтау және экологиялық талдау арқылы зерттейді. Жағалаудағы экожүйелерді қорғау тәсілдерін әзірлейді. Shakhmardan Yessenov Foundation бағдарламасының жеңімпазы, APSU GIS Center-де (Austin Peay State University, АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өткен. LinkedIn

  • Жибек Бекежанкызы

    Ғылыми қызметкер, Мичиган Университеті

    University of Michigan ғылыми қызметкері, Нейрохирургия департаментінде глиобластома мен балалар глиомасын зерттеумен айналысады. Жаңа зертхананы құруға қатысып, Research Staff Innovator Award (2025) сыйлығымен марапатталған. Бұған дейін Назарбаев Университетінде сүт безі обыры, микрофлюидика және химиялық инженерия бағыттары бойынша зерттеу жүргізген. Фармакология және токсикология мамандығы бойынша магистр дәрежесінің (2022) және химия мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінің (2020, Назарбаев Университеті) иегері. 2023 жылы Shakhmardan Yessenov Foundation гранты аясында Мичиган университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. LinkedIn