Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасы – 2020

«ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» БАЙҚАУЫ

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге  халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 грант конкурсын  жариялайды.

ЕГЕР СЕН:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
  • Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
  • Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
  • Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП, 2020 ЖЫЛ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА  МҮМКІНДІГІҢ БАР!

Бұл үшін 4.11 бастап 09.12.2019ж. дейін қор сайтында өтінімді толтыру және оны келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

Міндетті құжаттар:

  • Жеке куәлік сканы;
  • Эссе “Менің тағылымдамам: тағылымдама барысында мен не істеймін, ғылымда немен айналысамын»;
  • Транскрипт (барлық оқу семестрдері);
  • Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан диплом – 1 құжаттан артық емес;
  • Түйіндеме.

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар – 3 сертификаттан артық емес;
  • Әлеуметтік белсенділік және волонтерлық сертификаттары-2 сертификаттан артық емес
  • Жарияланымдар – 2 жарияланымнан артық емес;
  • Ғылыми жетекшіден/ректордан/проректордан ұсыным хат – 1 құжаттан артық емес.

Бағдарламада жалпы саны 17 грант қарастырылған:

  • 10 грант бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне;
  • 7 грант бакалавриаттың соңғы курс, магистратураның 1-2 курс студенттеріне және жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлерге.

 

Бағдарламасының ережесі
Downloaded: 272, Size: 30.3 KB
Жеңімпаздар
Downloaded: 1817, Size: 119.5 KB

Көру саны: 134