АҒЫЛШЫН ТІЛІМЕН ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ АЙНАЛЫСАДЫ

30 сәуірде Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының ағылшын тілі бағдарламасының байқауы аяқталды. Ақтық мәреге 16 оқу орнының арасынан Орал, Петропавл, Қарағанды және Өскемен қалаларының жоғары оқу орындары шыққан болатын. Қор мамандары барлық университеттерді аралай келе “Қарағанды медицина университетін” жеңімпаз деп таныды.

Байқаудың бірінші кезеңіде, жоғары білім беру саласындағы белгілі сарапшылар, Қазақстанның өңірлік жоғары оқу орындарынан келген 16 өтінімді қарап, солардың ішінен 4 жеңімпазды анықтады. Жеңімпаз болған мемлекеттік университеттер: Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық және Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Қарағанды медициналық университеті.

Сараптамалық кеңестің құрамына Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу  университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Ринат Ысқақов, Назарбаев университетінің мансап және кәсіби бағдар беру орталығының директоры Евгения Ким және Нархоз университетінің сапаны қамтамасыз ету және стратегиялық талдау басқармасының бастығы Марина Скиба кірді.

– Қатысушылардың ой-пікірлері біз үшін өте маңызды болды және түрлі пікірлерді естігеннен кейін, финалға шыққан оқу орындарының бағдарламаға қатысуға қаншалықты дайын екендіктерін көру үшін бірден аттандық, – деді бағдарламаның үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

Барлық жоғары оқу орындарын аралағаннан кейін Қор мамандары Қарағанды университетіне  жоғары баға берді.

– Қор өкілдері университет аудиторияларын, оқу бағдарламаларын, бағдарламаны жүзеге асыру базасымен және университеттің стратегиялық көрінісімен танысты. Көргенімізді талдай келе, біз бірауыздан Қарағанды медицина университетін жеңімпаз деп таңдадық, – дейді Есенов атындағы қордың директоры  Айғаным Мәлішева.

Қарағанды медицина университеті QS Stars рейтингісінде үш жұлдызға ие. Бүгінде 6 000-нан астам студент, 99 магистрант, 72 докторант білім алуда. Университетте 7 мектеп пен факультет бар. Қыркүйек айында қордың өкілдері Қарағанды студенттерін бағдарламаға қабылдауды бастайды. Тілді оқытуды қазан айында бастайды.

3.05.19, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 197

Другие новости