ЕШҚАШАН… ЕРТЕ ЕМЕС!

UPD Құрметті Find Your Way конференциясының қатысушылары, Қазақстанның білім министрлігімен, ҚБТУ және Алматы әкімдігімен кеңесулерден кейін коронавирус бойынша жағдайға байланысты, іс- шараны басқа күнге ауыстыруға шешім қабылдадық. Жаңа өткізу күні жайлы ақпаратты сіздерге қосымша хабарлайтын боламыз. Осы уақытқа дейін жасалған барлық тіркеулер жарамды болады.
____________________________________________________________________

Жоғары сынып оқушыларына арналған Find Your Way сериясының үшінші конференциясы сенбі күні 14 наурызда өтеді. Оның тақырыбы «Ғұмырға созылған білім» деп аталады. Оған жас қазақстандықтармен мектеп оқушылары үшін өзекті болатын өмір мен мансаптың әртүрлі салаларында өз білімдерімен бөлісетін 13 сарапшы қатысады. Кездесуді академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры ұйымдастырады.

Кездесуге қалалық мектептердің 9, 10 және 11-сынып оқушылары қатысады. Ұйымдастырушылар жобаның дәрісшілерінен көптеген пайдалы мәліметтерді алатын бірінші курс студенттерін шақырады. Кездесуді ашатын тұлғалар арасында Forbes 30U30 символикалық тізіміне кірген, атқарушы директор және Nommi стартапының ортақ негізін қалаушысы Алена Ткаченко. Уақиғаның осы сегментін АТФ банкі Басқармасының Төрағасы Сергей Коваленко жалғастырады. Ол ХХІ ғасырда әрбір адам үшін өмір бойы білім алу неліктен қалыпты нәрсе екенін айтып береді, сонымен қатар білімдер мен дағдыларды алудың бір сатысының кейінгі сатысымен байланысу құпиясын ашады. Аталмыш конференцияға қор құрылтайшысы Ғалымжан Есеновте қатысуды жоспарлап отыр.

— Find Your Way-3 іс-шарасының қатысушылары қазіргі таңда кәсіпті қалай таңдау керектігін және негізінде бүкіл өмірге жалғыз ғана кәсіпті таңдау мүмкіндігінің бар/жоғы, өз қателіктерінен және басқа біреудің қателіктерінен қалай сабақ алуға болатыны және құбылмалы әлемде өзінің өмірі мен мансабын қалыптастыру жайлы білетін болады. Бұрынғы кездесулерден кейін біз қатысушыларға сауалнама жүргізіп, алған сол бір кері байланыс бізге бағдарламаны және шақырылатын жаттықтырушылардың тізімін қалыптастыруға көмектесті, — деп бөлісті Shakhmardan Yessenov Foundation бағдарламалар үйлестірушісі Сергей Левадний.

Кездесу қатысушылары өзін-өзі талдау және сыни ойлау дағдыларына үйренеді, ҰБТ-дан кейін өмірдің бар/жоғы, неліктен әрқайсымыздың өз құнымыз бар екені және бұл нені білдіретіні жайлы білетін болады, сондай-ақ бүгінгі күні ең көп сұранысқа ие болған кәсіби сала – деректерді талдау туралы ақпаратты тура түпкі деректемелерден алады. Спикерлер арасында осы жолы HireBee Kazakhstan рекрутинг компаниясының атқарушы директоры Константин Куница, психолог және кәсіби сәйкестендіру жөніндегі маман Балжан Баишева, кәсіпкер және коуч Виталий Бужан қатысады. Интерактивті сессияларды @nanogeroi инновациялық білім беру жобасының негізін қалаушылары, Find Your Way тұрақты спикерлері Әлішер Садықов пен Владимир Кущенко жүргізеді, сонымен қатар, Әлішер конференцияны ашу рәсімінің жүргізушісі ретінде шақырылды.

— Жастар өз өмірін талдау, сонымен қатар өзінің күшті және әлсіз тұстарын анықтау – бұл болашақ ілгері басуға арналған трамплин және өзгерістердің катализаторы екенін түсінеді. Сенің кім екеніңді және қай жаққа жылжу керектігін түсіне отырып, адал және объективті өзін-өзі бағалау – дұрыс мақсатты тұжырымдаудың негізі және өздерінің үздік нұсқаларына апаратын жол, – деп санайды Әлішер Садықов.

Қордың сайтында жақын арада Қазақстандық-британдық техникалық университетінде өтетін іс-шараға тіркеу ашылады. Find Your Way іс-шарасына қатысу дәстүрлі түрде тегін болады.

Find Your Way іс-шарасына қатысу әрбір абитуриентке пайдалы. Мұнда алатын білімдерінің концентраты оларға дұрыс шешімдерді қабылдауға және көптеген келесі жылдарға өздерінің одан арғы қадамдарының табыстылығын айқындауға көмектеседі, – деп пайымдайды ҚБТУ ұйымдастыру-тәрбие ісі жөніндегі проректоры Екатерина Смолякова.

19.02.20, Жаңалықтар

Көру саны: 96

Другие новости