Find Your Way #fywyessenov
UPD Құрметті Find Your Way конференциясының қатысушылары, Қазақстанның білім министрлігімен, ҚБТУ және Алматы әкімдігімен кеңесулерден кейін коронавирус бойынша жағдайға байланысты, іс- шараны басқа күнге ауыстыруға шешім қабылдадық. Жаңа өткізу күні жайлы ақпаратты сіздерге қосымша хабарлайтын боламыз. Осы уақытқа дейін жасалған барлық тіркеулер жарамды болады.
______________________________________________________________________
Find Your Way – бұл жоғары сынып оқушылары мен студенттерге өз бейімділіктерін тауып, өмірлері мен мансаптарын қызықты, әрі мазмұнды етуге көмектесетін тегін конференциялар (бейне, 40 сек).
Білім алу ешқашан ерте емес – бұл ой-өрісін кеңейтуге, өзін-өзі дамыту арқылы табысты болуға көбірек мүмкіндік беретін өмірлік ұстаным.
Өтетін орны: ҚБТУ
Мерзімі: 14 наурыз
Уақыты 13:30-19.00
Кім қатыса алады?
– Жоғары сынып оқушылары;
– Колледж студенттері;
– Жоо-ның бірінші курс студенттері.
Дәріскерлер кімдер?
Біз жастарға алдағы мақсаттарын айқындауға көмектесетін және де сол мақсаттарды іске асыру жолындағы лайфхактармен және кеңестермен бөлісетін әр түрлі саладағы ең үздік сарапшыларды шақырамыз. Жоба бағдарламасымен төменде таныса аласыз.
Бағдарламада:
– Кәсіби бағдар беру, мансап және өмір жолын таңдау саласындағы сарапшылардың дәрістері;
– Кейстер, воркшоптар және интерактивтер.
Көру саны: 3,103