Find Your Way #fywyessenov

2 желтоқсан Алматыда М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде жоғары сынып оқушыларына арналған бағдарламамызды пандемиядан кейін бірінші рет өткіземіз. Сондай-ақ, кездесу алғаш рет қазақ тілінде өтетін болады. Өмірде өзінің кәсіби жолын қалай құруға болатынын білгісі келетін барлық мектептер мен лицейлердің жоғары сынып оқушыларын шақырамыз. Кездесуде үлкен жетістіктерге қол жеткізген қор бағдарламаларының жеңімпаздары, сондай-ақ, басқа да қонақ спикерлер — өз саласындағы танымал сарапшылар сөз сөйлейді. Төмендегі сілтеме арқылы тіркеліңіз. Барлығы 200 орын.
Кел және өз жолыңды тап!

Find Your Way – бұл жоғары сынып оқушылары мен студенттерге өз бейімділіктерін тауып, өмірлері мен мансаптарын қызықты, әрі мазмұнды етуге көмектесетін  тегін конференциялар. Білім алу ешқашан ерте емес  – бұл ой-өрісін кеңейтуге, өзін-өзі дамыту арқылы табысты болуға көбірек мүмкіндік беретін өмірлік ұстаным.

Жол жүру сызбасы

Іс-шара бағдарламасы
Downloaded: 112, Size: 1.4 MB

Көру саны: 519