Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2020

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 25 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және  магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 25

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы байқауына қатысу үшін үміткер қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет.

Міндетті құжаттар:

  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • «Қазақстанның білімі және ғылымы үшін не жасадым және не жасығым келеді? Сіз үшін маңыздысы не? Неліктен?» атты тақырыпта уәждемелік хат;
  • Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
  • Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
  • Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
  • Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
  • Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі).

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2020 ж. 20 ақпанға дейін*.
*Өтінімді қабылдау 2020 ж. 20 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.

Барлық өтінімдер онлайн түрінде төмендегі сілтеме бойынша толтырылады (20 қаңтардан бастап).

Ереже
Downloaded: 422, Size: 493.5 KB

2-ші кезең қатысушылары
Downloaded: 286, Size: 436.8 KB

Жеңімпаздар
Downloaded: 246, Size: 378.5 KB

Көру саны: 153