Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2020
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 25 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.
Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.
Гранттар саны: 25
Ш. Есенов атындағы шәкіртақы байқауына қатысу үшін үміткер қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет.
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- «Қазақстанның білімі және ғылымы үшін не жасадым және не жасығым келеді? Сіз үшін маңыздысы не? Неліктен?» атты тақырыпта уәждемелік хат;
- Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
- Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).
Қосымша құжаттар:
- Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
- Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
- Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
- Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі).
*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2020 ж. 20 ақпанға дейін*.
*Өтінімді қабылдау 2020 ж. 20 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.
Барлық өтінімдер онлайн түрінде төмендегі сілтеме бойынша толтырылады (20 қаңтардан бастап).
Көру саны: 327