АЛҒАШҚЫ ТӨРТТІК ТАҒЫЛЫМДАМАҒА АТТАНАДЫ

Академик Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қорының ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы байқауының 2020 жылғы 14 жеңімпазының алғашқы төрттігі тағылымдамадан өтуге аттанбақ. Олардың мерзімін Дүниежүзілік пандемия бір жылға кейін ысырған болатын.  Қазақстандықтар осы жылдың мамыр айының соңынан қыркүйек айына дейінгі кезеңде зертханаларда тағылымдамадан өтуге шақырту алды.

Сұлтан Көбеев (мамандығы: азаматтық және экологиялық инженерия) жергілікті университеттің зертханасында жұмыс істеу үшін, Испаниядағы Льейда қаласына әлдеқашан ұшып кетті. Ал оның отандасы Диас Арғандықов (мамандығы: медицина) қазіргі таңда Бостонда. Болашақ дәрігер Массачусетс жалпы тәжірибелік ауруханасында орналаспақ. Ол жеңімпаздардың ішіндегі ең ұзақ, бір жылға жуық тағылымдамаға ие болды. Студент тек Есенов қорынан ғана емес, сонымен қатар госпитальдан да грант алды. Аталмыш грант тағылымдаманың қалған бөлігіне жұмсалатын шығындарды жабады.

Арслан Жүнісов (мамандығы: химиялық инженерия және материалтану) Калифорния университетінің Беркли қаласына шақырту алып, ондағы Lawrence Berkeley National Lab-да уақытын пайдалы өткізбек. Ернұр Нұрамбек (мамандығы: электротехника және есептеу техникасы) Калифорниядағы Чико қаласында орналасқан зертханадан, сонымен қатар Боулдердегі Колорадо университетінің зертханасынан шақырту алды. Арслан мен Ернұр қазір американдық визаны алу барысында. Виза ала салысымен жеңімпаздар Қазақстаннан ұшып кете алады: тағылымдаманың икемді кестесі оны белгіленген мерзімнен кеш бастауға мүмкіндік береді.

— Жаһандық локдаунның салдарынан өз грантын жүзеге асыра алмаған өткен жылғы ғылыми тағылымдамалардың жеңімпаздарының бірі – Арайлым Қамзабек (мамандығы: жалпы медицина). Жас қыз әлемдегі ең ірі жеке медициналық және ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі — Сан-Францискодағы Майо клиникасына шақырту алды. Оның тағылымдамасы 1 қазан–31 желтоқсан кезеңіне жоспарланып отыр. Содан кейін, Арайлым тағы 3 ай бойы өз бетінше тағылымдаманы жалғастыруды жоспарлап отыр, тек Сан-Францискодағы Калифорния университетінде, — деп Ш.Есенов қорының бағдарламалар үйлестіршісі Айгерім Султан хабарлады.

Қазіргі уақытта Қорда 2020 жылғы ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының тағы бір жеңімпазы, NU магистранты Евгений Кимді (мамандығы: жалпы медицина) Питтсбург медициналық мектебі университетінің зертханасына жіберу жұмыстары жүріп жатқанын да қоса айтты. Маусым айының соңында қазақстандық студент-магистрант өзінің тағылымдамасы өтетін елге аттанады деп жоспарлануда.

Қордың хабарлауы бойынша, өткен жылғы Американың IT-стартаптарында тағылымдамадан өту байқауының жеңімпаздарында әзірге жаңалық жоқ. Тек Жанар Тәңірбергенова қазіргі уақытта стартапқа аттану сәтіне жақындай түсті, ол Cultural Vistas сауалнамасын рәсімдеуде. Қалған төрт жеңімпаз өз шақыртуларын қазірге алған жоқ. Бұл американдық стартаптардың шетелден кәсіби маман қабылдаған жағдайда американдық көші-қон билігі оларға жүктейтін үлкен қиындықтар мен жауапкершіліктерге байланысты мұндай мамандармен жұмысты қашықтан ұйымдастыруға тырысатындығына байланысты.

Қор бағдарламаларының жеңімпаздары мен Shakhmardan Yessenov Foundation қызметкерлері 2021 жылдың соңына дейін қордың құрылтайшысы және қамқоршысы Ғалымжан Есенов уәде еткендей, жеңіп алынған гранттарды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Update. Өкінішке орай, 2019 жылғы АҚШ-тың IT-стартаптарындағы тағылымдама бағдарламасының бес жеңімпазының төртеуі, Жанар Тәңірбергенованы қоспағанда, өздеріне қолайлы стартаптар таба алмады және жеке бас жағдайлары бойынша (жұмыс, отбасы және т.б.) тағылымдамадан өтуден бас тартты.

20.05.21, Жаңалықтар

Көру саны: 173

Другие новости