Есенов қорындағы жаңа академиялық жыл

Биыл бүкіл Қазақстан бойынша 95 жылдығы атап өтілетін Шахмардан Есеновтың атындағы ғылыми білім беру қорында жаңа оқу жылы қандай болмақ? Жас ғалымдар мен зияткерлерді жаңа бағдарламалар күтуде ме? Бұрыннан жақсы таныс және үнемі қызығушылық тудыратын бағдарламалардың  байқаулары өзгеріссіз қала ма? Сұрақтарға қайырымдылық қорының атқарушы директоры Айғаным Малишева жауап береді.

Биыл ғылыми тағылымдамалар байқауына өтінімдер қабылданатын бола ма?
Бағдарлама Ережесі қордың сайтында әдеттегідей өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін жарияланатын болады. Жалпы грант саны 10. Дәстүр бойынша, онлайн өтінім беруге бір айдан астам уақыт береміз: 21-қазаннан бастап 30-қарашаға дейін. Статистикаға сүйенетін болсақ 2017 жылы 62 өтінім алдық, ал келесі жылы келіп түскен өтінімдер саны 238 болды.  Түсінгеніміз, қатысушылардың саны өтінім беруге бөлінген уақытқа байланысты емес. Өкінішке орай, грантқа үміткерлердің басым бөлігі құжаттарды байқаудың соңғы күндерінде, тіпті соңғы сағаттарында тапсырып жатады. Жеңімпаздардың визаны ресімдеуге көбірек уақыты болу үшін бағдарламаға өтінімдерді қабылдауды әдеттегіден ертерек бастаймыз. Пандемиядан кейін визалық мәселелерді шешу 2019 жылға қарағанда 3-4 аптаға ұзағырақ уақыт алуда. Мысалы, тағылымдаманың ең танымал бағыттарының бірі болып табылатын канадалық визаны күту мерзімі – 3 ай және одан да көп уақытты құрайды.

Шәкіртақылық бағдарламаның байқауы қашанға жоспарланған?
Академик Шаһмардан Есеновтың шәкіртақысы – біздің ең танымал бағдарламамыз болып табылады. Биыл рекордтық 675 өтінім алдық, яғни бір шәкіртақыға шамамен 34 адам үміткер болды. Өтінімдерді жинауды 2023 жылдың 30-қаңтарынан бастаймыз. Сәуірдің басында дәстүр бойынша шәкіртақы алушылардың есімдері жариялайтын болады. Және де бұл Геолог күніне орайластырылған, сондықтан да шәкіртақы төленетін жыл ағымдағы жылдың мамыр айынан келесі жылдың сәуір айына дейін созылады. Жеңімпаздар саны 20. Биылғы шәкіртақы иегерлері үшін де жаңалықтар бар – қаңтар айынан бастап олардың шәкіртақы сомасы ұлғайып, 40 мың теңгені құрайтын болады (қазір – 35 мың).

Қор өз қызметінің он жылдық мерейтойын тағы қалай атап өтетін болады?
Биыл басталған Yessenov Launch Pad бағдарламасын жалғастырамыз. Пилоттық жобаның нәтижелері оған қатыса алатын мамандардың тізімін кеңейту қажеттігін көрсетті. 2023 жылғы байқауға өз өмірін дәлдік ғылымдармен, инженериямен, медицинамен және IT-мен байланыстыратын үміткерлердің барлығы қатыса алатын болады. Биылғы жылы бағдарлама аталған салалардың соңғысының мамандарына ғана бағытталған еді. Сондай-ақ, пандемияға дейін бастаған жобаны жалғастырамыз. Бұл болашақ мамандықты таңдауға және көптеген пайдалы «жұмсақ» дағдыларды меңгеруге көмектесетін мектеп оқушылары мен мектеп түлектеріне арналған дәрістер топтамасы болып табылатын Find Your Way бағдарламасы. Өзгерістер осы жазда іске қосылған «Өрлеу» (жоғары оқу орнында немесе колледжде бакалавриатта оқуға бір жылдық грант) бағдарламасында да болады. Келесі жылы байқауға жаратылыстану және нақты пәндер бойынша педагог болуды жоспарлаған үміткерлер де қатыса алатын болады. Биылғыдай, келесі жылы да бағдарламаға жаратылыстану, ақпараттық-коммуникациялық, математикалық және статистикалық, инженерлік және денсаулық сақтау мамандықтарына түсуші талапкерлер қатыса алады. Қазіргі таңда білім алып жатқан осы жылдың жеңімпаздары грантты екінші оқу жылына ұзартуға жалпы негізде өтінім бере алады. Келесі жылы жас ғалымдарға биылғы жылы өткізілмеген Yessenov Data Lab (YDL) деректер жөніндегі ғылымды оқытуды жалғастырамыз. Қазақстан мен бүкіл әлем үшін жаңа Web 3.0 тұжырымдамасын ойластырудамыз. Бәлкім, ол да YDL бағдарламасынан өз көрінісін табар. Қазір ақпаратты зерттеп жатырмыз.

26.09.22, Жаңалықтар

Көру саны: 108

Другие новости