Ғалымжан Есенов дарынды қазақстандықтармен кездесті

22-қазанда Алматыда Yessenov Foundation құрылтайшысы Ғалымжан Есеновтың ғылыми білім беру қорының бенефициарларымен кездесуі өтті. Кездесуге осы қайырымдылық ұйымы бағдарламаларының 46 жеңімпазы қатысты: ғылыми тағылымдамалар, шәкіртақы, «Өрлеу» және басқа да бағдарламалардың жеңімпаздары.

– Пандемияға байланысты екі жылдан астам уақыт бойы бағдарлама жеңімпаздарын жинай алмадық, сондықтан да бұл кездесуді ерекше өткізуге шешім қабылдадық және ондағы ресми сәтті – Құрылтайшы мен қор қызметкерлерінің сөз сөйлеуін – тренинг-воркшоппен және жұмыс мәселелерін талқылаумен біріктірдік. Сахнаны кездесу қатысушыларына да ұсындық: олар өз тәжірибелері туралы айтып, жобалары мен жоспарларының егжей-тегжейлерімен бөлісті. Ал кофе мен түскі үзіліс кезінде жастар әңгімелесіп, нетворкингпен айналысты, – деп қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева хабарлады.

Ғ. Есеновпен өткен кездесуде әр жылдардағы қор бағдарламаларының жеңімпаздары, түрлі жоо студенттері, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің өкілдері Дарья Белявская мен Арайлым Майкенова, Берік Қалиуллаев пен Бекарыс Нұртай, Томирис Атажанова және Дәурен Малаев сөз сөйледі. Өз бастамасы бойынша Л. Гумилев атын. ЕҰУ студенттері,  Есенов шәкіртақы иегерлері, ғарыш техникасы мен технологияларын зерттейтін Саят Ахмеджанов және болашақ сәулетші Малика Игибаева өз жобаларын ұсынды.

17 жасар Әнуарбек Ашықбаев – «Өрлеу» бағдарламасының жеңімпазы, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бірінші курс студенті:
– Мен жеңімпазы атанған бағдарлама маған бір жылдық оқу ақымды, ай сайынғы шәкіртақы мен жатақханада тұру шығындарымды төлейді. Оқуымның қалған жылдарын қалай қаржыландыруға болатындығы туралы жоспарларым бар, алайда келесі жылы да «Өрлеу» бағдарламасынан өте аламын деп үміттенемін. ҰБТ-дан қажетті балл жинаған жоқпын, бірақ үмітімді үзбедім, білім беру ақысын төлеуге ақша табуға тырыстым және Есенов қоры туралы білдім. Барлық балаларға мүмкіндік іздеп, өздеріне сенуге кеңес беремін, – деп есептейді Әнуарбек.

Электроэнергетик маманы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі 22 жастағы Тамерлан Ибраемов, ғылыми тағылымдама бағдарламасында жеңіске жетті:
– Шағын ғана Хромтау қаласының тумасымын, 2020 жылы байқауда жеңіске жетіп, Испанияда Каталон политехникалық университетінің зертханасында тағылымдамадан өттім. Менің жұмысым электр ұшақтарын жасауға көмектеседі. Болашақ байқау қатысушыларына ішкі дауыстарын тыңдауға, тіпті бұған көп уақыт қажет болып жатса да армандар туралы ұмытпауға және оларды жүзеге асыруға ұмтылуға кеңес берер едім, – деп жас маман өзінің лайфхакымен бөлісті.

Іскерлік ойын түріндегі оқу-жаттығу шарасы күні бойына жалғасты. Оны  академик Ш.Есенов  атындағы қорының көп жылғы серіктесі, барлық байқаулардың жеңімпаздарын финалдық іріктеу үдерісіне тікелей қатысатын, тренер және психолог Елена Амреева жүргізді.
– Күнді барлық жастарды бір-бірімен таныстырған ойыннан бастадық, ал жұмыс кездесуінің соңында олар командаларда білім беру ресурсының тұжырымдамасын әзірлеп, ұсынды – қор келесі жылы осы бағыт алуы мүмкін, – деп түсіндірді Е. Амреева.

Биылғы жылы туғанына 95 жыл толған академик Шахмардан Есенов атындағы қазақстандық ғылыми білім беру қоры өзінің бенефициарларымен – нақты және жаратылыстану ғылымдары саласында оқитын және жұмыс істейтін еліміздің талантты жастарымен тұрақты  кездесулер өткізіп отырады. Ал, 2023 жылы Yessenov Foundation құрылғанына 10 жыл толады. Оның құрылтайшысы – Ғалымжан Есенов – 25 жылдық басқару тәжірибесі бар қазақстандық кәсіпкер, Jýsan Bank ірі акционері. Ғалымжан «Еуразиялық нарық институты» Экономика және басқару академиясын және The University of Chicago Booth School of Business мектебінде Executive MBA бағдарламасын аяқтады.

28.10.22, Жаңалықтар

Көру саны: 139

Другие новости