Ғалымжан Есенов

Қор құрылтайшысы. Jýsan Bank-тің ірі акционері. Еуразиялық нарық институтының экономика және басқару Академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы, ал Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Чикаго Университетінің Бут атындағы Бизнес мектебінің (The University of Chicago Booth School of Business) басшыларға арналған МВА бағдарламаcының (EMBA) түлегі. «Дом мамы» қайырымдылық жобасына атсалысып, өңірдің бетке ұстар ең ірі бұқаралық спорт шарасы «Алматы Марафонын» ұйымдастыратын «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы. «YPO Kazakhstan» ұйымының мүшесі. 2015 ж. Шілде айынан 2020ж. қаңтар айына дейін Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Қазақстан триатлон федерациясының (08.07.2022) вице-президенті және “Almaty Triathlon Federation” (01.07.2022) қоғамдық бірлестігінің басшысы, орталық Азия триатлон Қауымдастығының президенті (CATA 04.07.2022), 2019 жылдың 19 маусымынан бастап ASTC Басқарма мүшесі, “Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы” ЗТБ және “Аралас жекпе-жектен біріккен Қазақстан ММА федерациясының” президенті (2018, 24 желтоқсанынан 2020 наурызына дейін),  IMMAF-WMMAA Халықаралық біріккен федерациясының директорлар кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» орденінің иегері (2018). Қазақтың көрнекті ғалымы және саяси қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтың ісін жалғастырып келе жатқан Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бастаушысы және негізін салушы.