2020 БАЙҚАУЛАРЫ: НЕ БОЛАДЫ?

Әлемдік COVID-19 пандемиясы ғаламшардағы өмір қай кезде өзінің қалыпты жағдайына келеді деген сұраққа әлі күнге дейін жауап берер емес. Сонымен қатар, академик Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қорының әлеуметтік желілеріне келіп түсіп жатқан жеке сұрақтарда бар. Мысалы: «Шетелде тағылымдамадан өтуге арналған жаңа байқаулар туралы ақпаратты қашан және қайдан алуға болады?». Біз бұл сұрақтарға жауап алу үшін қордың Атқарушы директоры Айғаным Малишеваға жүгіндік.

Екінші жартыжылдықта қор әдетте қанша байқау өткізеді?
Біз жүйелі түрде үш байқау өткізіп тұрамыз. Қыркүйек-қараша айларында — «АҚШ IT-стартаптарындағы тағылымдама», ал қараша-қаңтар айларында — «Шетелдік зертханалардағы ғылыми тағылымдамалар». Жақында, яғни күзде студенттерді ағылшын тілі бағдарламасына іріктеу өтті. Алдымен біз жарнамалық-ақпараттық науқан өткіздік, өтініштер қабылдадық, содан кейін жеңімпаздарды анықтаумен аяқталған іріктеу кезеңдерін өткіздік.

Неліктен осы жылы АҚШ IT-стартаптарындағы тағылымдама байқауы басталған жоқ?
Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанға Кремний алқабындағы стартаптардың құзыреті мен мәдениетін импорттау. Бұл салада оффлайн жұмыссыз, әріптестеріңізбен және серіктестеріңізбен тікелей байланыссыз мұндай тәжірибені қабылдау және кеңейту мүмкін емес. Өздеріңіз білетіндей, АҚШ елшілігі нақты себептерге байланысты виза беруді уақытша тоқтатты және бұл қазақстандықтарға да қатысты. Басқа елдерде де осындай жағдай орын алып отыр. Бүгінгі күні әлемде ешкім қызметті қалпына келтіру мен шекараларды ашудың нақты күнін атай алмайды. Сондықтан, біз байқауды биыл өткізбеу туралы шешім қабылдадық. Оның үстіне, былтырғы бағдарламаның жеңімпаздары бұл жылы АҚШ-қа ұша алмады. Біздің жоспарымыз – алдымен былтырғы жеңімпаздарды тағылымдамадан өтуге жіберу, содан кейін ғана жаңа байқау өткізу.

Жылдың қалған айларында өту керек болған басқа байқауларға қандай болжам жасайсыз?
Әлемнің зертханаларынан ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін алуды көздейтін әлем зертханаларында тағылымдамадан өту бағдарламасын IT-стартаптарындағы тағылымдама байқауының тағдыры күтіп тұр. Өйткені, бұл қазір қол жеткізе алмайтын, шет елге шығу мүмкіндігімен байланысты болып тұр. Виза алу мен жабық шекара мәселесі тек АҚШ-та ғана емес, әлемнің барлық дерлік елдерінде – атап айтқанда, үнемі өз байқауларымыздың жеңімпаздарын жіберетін, Еуропа мен Азияда да бар. Шекара ашыла салысымен алдыңғы байқаудың жеңімпаздарын тағылымдамаға жібереміз, содан кейін жаңа конкурс өткізу мәселесіне қайта ораламыз.

Пандемия қордың қандай бағдарламаларына әсер етпеді?
Ш.Есенов атындағы шәкіртақы
бағдарламасы тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі шәкіртақы иелерімен жасалған келісімшарттар – биылғы бағдарлама жеңімпаздарымен – 2021 жылдың сәуіріне дейін жарамды. Аталмыш бағдарламаның келесі байқауы 2021 жылдың қаңтарына жоспарланған. 14 тамызда үшінші Yessenov Data Lab 2020 (YDL) жазғы мектебі аяқталды, тағы 20 маман дайындап шығардық. Пандемияға байланысты бағдарламаны ағынды жаттығу режимінде өткіздік. Биылғы жылы оған жас ғалымдар мен аналитикалық мәліметтермен жұмыс жасайтын мамандар қатысты. Сонымен қатар, «Физика комиксте» басылымымен жұмысты жалғастырудамыз. 7 және 8 нөмірлерін аяқтадық, ал соңғы екі шығарылым жыл соңына дейін шығады. Кейінірек келесі жылы 10-12 жас аралығындағы балаларға арналған ғылыми комикстерді шығаруды жалғастыру туралы шешімді қабылдаймыз. Жоспар бойынша ағылшын тілі бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Ол Қарағанды ​​медициналық университетінде өтуде. Оқуды 5 қазанда бастау жоспарланып отыр. Қазір байқау аяқталды. Бізге университет студенттерінен 227 өтініш келіп түсті. Бағдарламаға бакалаврлар, магистранттар мен оқытушылар қатысада. Microsoft teams платформасында іркітеудің екінші кезеңі, онлайн-тестілеу өткізілді. Тестілеу «Bonas MacFarlane» компаниясы мен университет өкілдерінің және де оқытушылардың бақылауымен өтті. Оқу формасын таңдау – онлайн немесе оффлайн – университет басшылығына және эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

2020 жылдың қыркүйегіне алғандағы қордың қызметінің нәтижелері қандай?
Жеті жыл ішінде біз 38 бағдарлама/жоба жүзеге асырдық, ал сегіз бағдарлама тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде 1426 адам біздің тікелей бенефициар-грант иегерлеріміз атанды. Биылдың өзінде олардың арасында 25 Есенов шәкіртақысының иегерлері, 20 YDL студенттері, төрт магистранттар (бағдарлама қазір жабық, екі студенттің оқуын аяқтаймыз) және 160 қарағандылық студенттер – ағылшын тілі бағдарламасының қатысушылары бар. Тағы 19 адам – ​​әлемнің ғылыми зертханаларында және ІТ-стартаптарында тағылымдамадан өту бағдарламаларының жеңімпаздары – шекаралардың ашылуын күтуде және келесі жылы олар тағылымдамадан өте алады деп үміттенемін. Сондықтан, біз де бүкіл әлемдегі адамдар сияқты, пандемияның аяқталуын және шекаралардың ашылуын асыға күтеміз. Бұл бізге байқауларды бұрынғы режимде өткізуді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Біздің әлеуметтік желілердегі және веб-сайттағы ақпаратты міндетті түрде қадағалап жүріңіз.

1.10.20, Жаңалықтар

Көру саны: 65

Другие новости