YDL2020 ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮШІН

24 ақпан Yessenov Data Lab (YDL) үшінші жазғы мектебіне өтінімдер қабылдау басталады. 20 жеңімпаз бағдарлама қатысушысы атанады. Биыл  академик Ш. Есенов атын. ғылыми білім беру қоры бағдарламаға қатысуға IT-мамандарды емес, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жас ғалымдар мен студенттерді шақырады.

Қазақстан IT-қоғамдастығын осы жылдың байқауы бұл саланың өкілдерінің қатысуынсыз өтетіні туралы ақпарат қатты таң қалдырды. Қор бұл шешімді қабылдауға, алғашқы екі мектептің нәтижелері мен нарықтағы жағдайды зерттей келе, бүгінгі таңда нарықта деректерді талдаушыларға арналған мектептердің айтарлықтай көптігі түрткі болды деп түсіндірді.

– Қор қызметкерлері шағын зерттеу жүргіздік және нәтижесінде талдаушылардың дағдыларына бүгін біздің жас ғалымдар мұқтаж екенін анықтадық, — деп жақында тағайындалған, YDL бағдарламасының үйлестірушісі Тоқтар Ескендіров толықтырып өтті.

Бағдарламаның ережесі Қор сайтында байқау басталғанға дейін, 2 апта бұрын жарияланады. Байқауға қатысу үшін жас бойынша ешқандай шектеулер болмайды. Ең бастысы, мектеп беретін дағдылар грант иегеріне ғылыми қызметі үшін қажет болу керек, олар осы туралы қысқа эссе жазады. Мектеп түлектері Python-да бағдарламаларды, деректерді өңдеуді үйренеді. Оларды кейіннен талдауға, мәліметтерді визуализациялауға, болжауға, оқытудың әртүрлі алгоритмдерін түсінуге, зерттеу моделін дұрыс таңдауға дайындай отырып, нейрондық желілердің жұмысы туралы түбегейлі түсінік алады.

– Yessenov Data Lab форматындағы өзгерістерді қордың негізін қалаушы Ғалымжан Есенов пен Айжан Есім бастаған Қамқоршылар кеңес қолдады. Жазғы мектеп аясында балалар өз зерттеулерінің нәтижелерін және өз-өзін презентациялауды үйренеді. 5 аптаға созылатын биылғы жазғы мектептің міндеті – жас ғалымдарға алдағы қызметтерінде қолдануға болатын құралдарды, дағдыларды беру. Бұл біздің жас ғалымдарға шетелдік әріптестерімен бір кәсіби деңгейге шығуға көмектеседі деп үміттенеміз, — деді Тоқтар.

YDL жазғы мектебі 15 маусым мен 17 шілде аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді. Өтінімдерді қабылдау 15 наурызда, ал бірінші тур – 30 наурызға, ақтық тур – 22 сәуірге дейін аяқталады.  Байқау жеңімпаздарын қор 1 мамырға дейін жариялайды. Ақпан айының соңына дейін қор серіктес-компанияларды және олардың оқытушыларын анықтайды. Естеріңізге сала кетейік, YDL алғашқы екі мектебінің оқытушылары EPAM Systems, Yandex, AGT International, E-lama.ru, Assaia, BigData Team және ClearScale қызметкерлері болған.

31.01.20, Жаңалықтар

Көру саны: 88

Другие новости