2 САТЫ ҚАРСАҢЫНДА

Эльдар Ахметгалиев бастаған қордың сарапшылар кеңесі «АҚШ-тың IT-стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасы аясыныдағы байқауға түскен 72 өтінімнің 24-н таңдап алды. Өтінім авторлары келесі екінші сатығы шақырылады.

Бірінші саты жеңімпаздары арасында iOS-ке арналған Kino.kz 2.0 және MyKazpost атты қосымшаларының авторлары мен өз бетімен үйренетін ойыншық машинасы прототипінің жасаушысымен қатар еліміздің жетекші университеттерінің ғылыми қызметкерлері бар. Екінші сатыға сонымен қатар бес қыз бала өткені де жанға жайлы жайт.

Сәуірдің 12 мен 21 аралығында өтетін екінші саты қатысушыларының әрқайсысына онлайн тестіге сілтемелер жіберіледі. Байқаудың осы сатысы барысында тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері, ой-өрісі мен сұрақтарды қаншалықты объективті қабылдайтындығы тексеріледі.

Екінші саты аяқталысымен, бұл шамамен сәуірдің 21, келесі турға өтетін 10 үміткердің аты белгілі болады. Скайп арқылы қатысушылармен Сарапшылар кеңесінің өкілдері сөйлесіп, 27-ші сәуірде Кремний алқабының ең қызықты стартаптарында тағыламдама өтетін бес жеңімпаздың есімдерінжариялайтын боламыз.

Екінші саты қатысушыларының тізімін осы жерден жүктей аласыз.

12.04.16, Жаңалықтар

Көру саны: 65

Другие новости