СТАРТАПТАРДА ТАҒЫЛЫМДАМА – АМЕРИКА КҮТУДЕ

Алматыда Қазақстандық IT-мамандардың Кремний алқабында тағылымдамадан өтуіне орай байқауы басталды. Аталған конкурстан өткен 15 жеңімпаз американдық стартаптарда жұмыс тәжірибесін алды. Олардың қатарына жақында жаңа байқау конкурсынан өтетін бес жеңімпаз қосылады. Өтінімдерді қабылдау 20 қазанға дейін жалғасады.

– Біз осымен төртінші рет байқау өткізіп отырмыз. Байқаудың көптігі оның өзектілігін төмендетпейді. Жыл сайын бізге 80-ге жуық өтініш түседі. Бұл бағдарлама аясында стартап білікті қызметкерлерді, ал Қазақстан — IT саласындағы нағыз кәсіпқой мамандарды алады. Біздің мамандар туралы американдықтардың пікірлері жоғары. Тағылымдамадан өтіп келген кейбіреулері қайтып оралғаннан кейін өз ісін ашады, басқалары американдық стартаптардың филиалдарын құрады, — деді  академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының жоба менеджері Роумиса Башаева.

Бағдарламаның танымалдылығы құпияларының бірі-отандастарымыздың жоғары бәсекеге қабілеттілігі. Корпоративтік сайттар үшін плагиндерді әзірлеуге маманданған POWr стартапының негізін қалаушы және техникалық директоры Бенжамин Росс жерлестерімізді бағалады:
– Қазақстаннан тағылымдамадан өтуге келген үміткерлер біздің бизнесіміздің қарқынды дамуына таң қалды. Сондай-ақ, олар Сан-Франциско тұрғындарының рационында жылқының болмауына да таң қалыстарын жасырмады. Олар командаға тез сіңіп кетті. Қазақ елінің  бай мәдени дәстүрлерімен, әзілдерімен бөлісті. Жұмыс барысында өздерінің мақсатқа жетуде талпынбай еңбектенетіндері ұнады. Қазіргі таңда біздің жұмысымызды оларсыз елестете алмаймын, – деді Б. Росс.

Тағылымдама жарты жылға созылады. Бес жеңімпаз тиісті стартаптарын табады. Ал қор оларға ұшу билетін, тұруын, тамақтануын, жұмыс визасын және медициналық сақтандыруды толық төлейді. Американдық стартап жалақы төлеуге тура келмейтін тағылымдамадан өтушіні алады. Ал IT маман — өз біліктілігін айтарлықтай арттыруға және дағдыларын жақсартуға мүмкіндік алады, соның ішінде бизнесті басқару саласында.

Абай Нүсіпбеков, байқаудың алғашқы жеңімпаздарының бірі, LEA (Amplify Live)  ивенттеріне билет сатумен айналысатын стартапта жұмыс істеді:
— Мен билеттерді сатып алуға көмектесетін чат-ботты әзірлеумен айналыстым. Қазір мен  Алматыдағы белгілі оқу орындарының бірі  Сулейман Демирель атындағы университетте сабақ беремін.  Тағылымдама мен үшін нәтижелі болды. Тағылымдама барысында жаңа тәжірибе алдым, жаңа достар мен таныстар тауып олармен әлі күнге дейін байланысып тұрамын. Биылғы жылы, мен Германиядағы Hoff университеті студенттеріне веб-сервистерге Deep Learning моделін қалай құру керектігі туралы дәріс оқып қайттым.

Жылдан-жылға  байқауға өтінім беретін және Қордың грантын жеңіп алатын қыздар саны да артып келеді. Өткен жылғы байқау жеңімпазы Семей қаласынан келген Айгерім Сағандықова жақында тағылымдаманы аяқтайды (Healthiest стартапы):
– Біз адамдарға интернет арқылы тек денсаулыққа пайдалы өнімдерді сатып алуға көмектесетін плагин жасаймыз. Атқарушы директор Кристал маған әзірлеуші ретінде күштірек болуға және стартап асүйін зерттеуге көмектесті. Мен тағылымдама барысында көптеген митаптар мен инвесторлармен кездесулерде болдым. Тағылымдама барысында мен жақсы жаққа қарай өзгердім. Жұмысқа, жұмыс істеуге деген көзқарасым өзгерді. Жаңа достар мен, мүмкіндіктер таптым.  Елге қайтып оралғаннан кейін тәжірибеммен бөлісіп, IT саласында жаңа жетістікке жетуді үйретемін. Шетелде тағылымдамадан өтетін қазақстандықтар көп болса, біздің еліміз үшін соншалықты пайдалы болады, — деп есептейді Әйгерім.

Байқауға кәмілеттік жасқа толған, бакалавр дипломы бар, бір жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар және жақсы ағылшын тілін білетін қазақстандықтар қатыса алады. Байқау 3 кезеңнен тұрады. Жеңімпаздар жыл соңында белгілі болады.

20.09.19, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 2,397

Другие новости