315 ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЖАҚСАРТТЫ

Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми білім беру қоры Қарағанды медицина университетіндегі (ҚМУ) екі жылдық ағылшын тілі бағдарламасын аяқтады. Бағдарлама бойынша 158 бакалавр, 60 докторант пен магистрант және оқу орнының 97 оқытушысы – барлығы 315 адам білім алды. Аталмыш жоо Ақтау және Қызылордадағы университеттерден кейінгі бағдарламаның үшінші қатысушысы болды.

— Пандемияға байланысты бағдарламаның екінші жылында сабақтар онлайн режимінде өтті. Мамыр айының соңғы аптасында қорытынды емтихандар өткізілді. Егер Қарағандыдағы эпидемиологиялық жағдай мүмкіндік берсе, маусым айында 25 үздік қатысушы өз университеті қабырғасында қор есебінен IELTS емтихандарын тапсыратын болады, — деп бағдарлама үйлестірушісі Айгерім Султан айтып өтті. — Емтиханның жазбаша бөлігі маусым айының соңында университет ғимаратында, ал ауызша бөлігі 16-17 маусымда Zoom арқылы өтеді. Емтихандарды біздің еліміздің аумағында IELTS қабылдауға құқығы бар Британ кеңесінің мамандары өткізеді.

Yessenov Foundation IELTS тапсыру мүмкіндігін берген бағдарламаның 12 үздік студенті оқудың бірінші жылының қорытындысы бойынша іріктеліп алынған болатын. Биыл олардың қатарына тағы 13 адам қосылды. Іріктеу үлгерім мен сабаққа қатысу нәтижелері бойынша жүргізілді.

— Мен Энтони Дюранттың тобында оқыдым. Ауызекі тіл дағдыларын жақсартуды алдыма мақсат етіп қойған болатынмын. Қолымнан келді. Тіпті, одан да көп нәтижеге қол жеткіздім — тек speaking-ті ғана емес, сонымен қатар, академиялық жазу дағдыларымды да жақсарттым, грамматика саласындағы білім деңгейімді арттырдым. Бұрын Past Simple мен Present Perfect-ті шатастыратын едім, қазір олай емес. Өзімді сенімдірек сезініп, аз қателіктер жіберетін болдым, — деп бөлісті ҚМУ бакалавриат студенті Марлен Мұстафин.

— Бағдарламаға қатысу барысында сөйлеу дағдыларым едәуір жақсарды, сөздік қорым көбейді, енді ағылшын тіліндегі фильмдерді жақсы түсінемін, — деп толықтырды ҚМУ неврология, нейрохирургия, психиатрия және оңалту кафедрасының студенті Дана Шаймерденова.

— Не үйрендім? Мені түсінбей қалулары мүмкін деген қорқыныштан арылдым. Сирек кездесетін ағылшын тіліндегі сөз тіркестері мен идиомаларды қолданудың қыр-сырын үйрендім. Тілдің күрделі шақтарын қалай қолдану керектігін түсінемін, — деді өз жетістіктері туралы ҚМУ-дағы Д.Шаймерденова білім алып жатқан кафедраның ассистенті Полина Семенихина.

Екі жыл бойы қарағандылықтарды ағылшын тіліне Бенджамин Грин мен Энтони Дюрант  оқытты. Екеуі де ағылшын тілінің иегерлері және кәсіби оқытушылар.

— Соңғы жыл пандемия мен онлайн режимінде оқытуға байланысты бүкіл әлемдегі білім беру саласы үшін қиын болды. Бірақ сіздердің студенттеріңіздің мұны да еңсере алды, олар мықты мотивациямен ерекшеленіп, Сovid-19 салдарынан ауруханаларда жұмыс істеуге мәжбүр болған кезде де сабақтарды жіберіп алмауға тырысты. Оларға сабақ беру ұнады. Бұл мен үшін оң тәжірибе болды және студенттер нақты прогресті көрсетті, – деп есептейді бағдарлама оқытушысы Бенджамин Грин.

Естеріңізге сала кетейік, 2013-2016 жылдары Есенов атын. қордың ағылшын тілі бағдарламасы Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде, ал 2017-2019 жылдары – Қорқыт ата атын. Қызылорда университетінде өтті. Бұл аралықта 510 қазақстандық өзінің ағылшын тілі деңгейін жақсартуға мүмкіндік алды. Ал, бағдарлама іске асырылған барлық уақыт ішіндегі қатысушылар саны  825 адамды құрады.

9.06.21, Жаңалықтар

Көру саны: 86

Другие новости