ЕСЕНОВ ҚОРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ШЫҒАРДЫ

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорында 2017 жылдың қорытындылары шығарылды. Осы жыл ішінде қайырымдылық қоры 28 бағдарлама мен жобаны қаржыландырды. Коммерциялық емес ұйымнан сол немесе өзге нысанда көмек пен жәрдем алғандардың саны – 7000 астам адам.

Айғаным Малишева

Бұл сандардың артында нақты ненің жасалғаны туралы біз Есенов атындағы қордың атқарушы директоры Айғаным Малишеваның (сурретте) айтып өтуін сұрадық. Ол өз сұхбатында:

— Қазақстандық жоғары оқу орындарының 10 дарынды студенті – біздің бағдарламамыздың жеңімпаздары – әлемнің үздік зертханаларында тәжірибеден өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Сүлеймен Демирель Университетінің, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетінің және Nazarbayev University, Қазақ-Британдық техникалық университетінің және республиканың басқа да жоғары оқу орындарының білім алушылары Торонто мен Женева, Суррей мен Бата, Лозанна мен Сиэттл, АҚШ-тың және әлемнің басқа қалаларының университеттерінде білім алды. Алғашқы қарлығаштар — бес қазақстандық маман — The Open University университетіне сапарға шықты. Әңгіме «Ұлыбритания зертханаларында ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының бес жеңімпазы туралы айтылады. Олардың әрқайсысы Біріккен Корольдіктің үздік зерттеу жоғары оқу орындарының біреуінің зертханасында 3 ай жұмыс істеді. Шілде айында Қазақстанға біздің «АҚШ ІТ-стартаптарында тағылымдамалар» атты басқа бағдарламамыздың бес жеңімпазының соңғысы қайтып оралды. Олардың үшеуі әлі күнге дейін стартаптармен қашықтықтан жұмыс істеп жатыр. Бір жеңімпаз стартап шақыруы бойынша Америкада жұмыс істеуге тағы біраз уақытқа қалды.

Есеновтың қоры «Мектептегі шахмат» республикалық бағдарламасын іске асыруға мұрындық болды. Алматы, Қызылорда және Павлодар облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің 2-ші сыныптарының 1500 оқушысы бағдарламаның пилоттық нұсқасына қыркүйек айынан бастап қатысты. Шахмат оларға жеке пән ретінде оқытылады. Психологтар оқу жылының қорытындылары бойынша шахмат сабақтарымен айналысқан балалардың және шахмат сабақтарына қатыспаған балалардың академиялық нәтижелерінің зерттеулерін жүргізеді. бағдарламаны Қазақстанның барлық мектептеріне таралу орындылығы туралы тұжырымдар жасалатын болады.

Алматы облысында алты аз қамтамасыз етілген отбасыға және 18 балаға 2017 жылы онкологиялық сырқаттарға шалдыққан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындаған «Тілектер шыршасы» атты дәстүрлі жаңажылдық акциясы нәтижелері бойынша жаңажылдық сыйлықтар мен азық-түлік себеттері сыйға берілді. Біз Алматыда, Қарағандыда және Астанада Арман Сүлейменовпен, Zero To One Labs ұйымдастырылған nFactorial Challenge конкурсының жеңімпаздарын іріктеуге қатыстық. Оның қорытындылары бойынша, үш жеңімпазды біз 8 аптаға Make School (АҚШ) қосымшалар әзірлеушілеріне арналған инкубаторына оқуға жібердік. Өткен жаздың тағы 4 аптасында балалар nFactorial Incubator шеңберінде Астанада білім алды.

ЕСЕНОВ ҚОРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ШЫҒАРДЫБиылғы жылы академик Шахмардан Есеновтың туғанына 90-жыл мерейтойы кеңінен атап өтілді. ҚазҰТЗ -да «Есенов мемориалы» атты жылдам шахматтан бойынша турнир, Шиеліде, Қызылордада және ғалымның туған ауылы Тартоғайда салтанатты іс-шаралар, ғалымның мүсінін орнату, ауыл мектебінде Есеновтың кабинетін жабдықтау, ғалымның библиографиясын және геолог, Ғылым академиясының президенті туралы мақалалар кітабын шығару – бұл қордың 2017 жылы жүзеге асырған жобаларының тек бір бөлігі ғана. Биылғы жылы Шахмардан Есенов туралы деректі фильм түсіріліп, «Qazaqstan», «Kazakh TV», «Хабар» және «Алматы» жалпыұлттық телеарналарында эфирге шықты. Деректі картинаны біз сонымен қатар біздің YouTube арнамызға да қостық.

 

Сонымен қатар, қор мектеп оқушыларына арналған «Шахмат планетасы» жазғы лагерін өткізуді қаржыландырды. Лагерьде елдің түпкір-түпкірінен 50 бала демалды, еңбек етіп, білім алып қайтты. Есеновтың қоры – ең ірі қазақстандық шахмат турнирлерінің және республикалық шахмат федерациясының демеушісі. Тек биылғы жылы біз 23 турнир өткіздік, мұнда біздің қатысушыларымыз – 3000-нан астам адам жанама қайырымдылық көмек алушыларымыз болды. Қордың SOS Еріктілер Komanda биылғы жылы Special Olympics 2017 спорттық лагерьдің жұмысын ұйымдастыруға көмектесті. Оған зияткерлік мүмкіндігі шектеулі, БЦС немесе Даун синдромы бар 50 бала қатысты. Спорттық және салауатты өмір салтын қолдау, елімізде көпшілік спортты насихаттау тақырыбын аяқтай отырып, биылғы жылы қор Орталық Азияның ірі жарыс іс-шарасының – «Алматы марафонының» құрылтайшысы болғанын хабарлаймын. Марафонды 6 жыл өткізу ішінде оған шамамен 70 мың адам қатысты.

Биылғы жылы біз халықаралық конференцияларда, көрмелер мен семинарларда қазақстандық студенттердің қатысуына демеушілік көрсетіп, жол жүру гранттарының бағдарламасын аяқтадық. Біз жаңа білім беру бағдарламасы үшін үздік идеяға арналған конкурс жарияладық. Жеңімпаз болған идеяны (балалар үйлерінде ІТ-білім беру бойынша курстарды ұйымдастыру) біз, өкінішке орай, әлі енгізген жоқпыз, оны маркетинг көзқарасынан– оның қаншалықты сұранысқа ие екенін және орны толатынын зерттеп жатырмыз, бірақ 2018 жылы біз қазіргі бағдарламаларды жаңғыртамыз және де жаңа жылдың бірінші күндерінен-ақ мүлде жаңа – шетелдік магистратураға білім беру гранттарының бағдарламасын жүзеге асыруды бастаймыз. Өткен жылы біз шәкіртақылық бағдарлама бойынша гранттардың санын бес есе көбейттік: әдеттегі бес гранттың орнына – 20. Жауап ретінде республикамыздың түпкір-түпкірінен өтінімдердің рекордтық саны келіп түсті: 395.

ЕСЕНОВ ҚОРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ШЫҒАРДЫБылтырғы жылдың ең есте қалатын күндерінің бірі Алматыда біз өзіміздің 37 бенефициарымыздың, стипендиатымыздың, конкурс жеңімпазымыздың, тағылымгеріміздің басын қосып, кездесу өткізген күн – 18 наурыз. Команданы құраушы тренинг және қор құрылтайшыларымен кейін өткен кездесу жігерлі, көңілді, жастар рухында, сондай-ақ өте нәтижелі әрі ақпаратқа толы болып өтті.

Жыл үшін «Есенов оқулары» қонақ лекцияларының әртүрлілігі де дәстүрлі болды. Мұнда сөз сөйлегендердің арасында, қор құрылтайшысы Ғалымжан Есенов, PhD студент Алма Жанайдарова және IT-инженер Абай Нүсіпбеков, альпинист Мақсұт Жұмаев және ресейлік биолог Петр Власов, сату жөніндегі менеджер Мадлен Селандер және америкалық кәсіпкерлер Джереми Эймс пен Шон Комбс, энергетик Руслан Рақымбай және банкир Мағжан Әуезов болды. «Оқулар» Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ мен AlmaU, Nazarbayev University мен Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да болып өтті. Лекциялардың бейнесін қордың YouTube арнасында көруге болады. Есенов атындағы КМТИУ-да 3 жыл бойы өткізілген ағылшын тілі бағдарламасы енді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ашылды. Биылғы жылы 127 студент пен оқытушы ағылшын тілінде сөйлеушілерден сабақ алуға кірісті. Олардың мақсаты 2 жыл ішінде өз мамандану саласында ағылшын тілін меңгеру деңгейін едәуір арттыру болып табылады.

Биылғы жылы алғашқы рет Есенов атындағы қор Францияда IESO 2017 Дүниежүзілік Жер туралы ғылымдар олимпиадасында қазақстандық оқушылар командасының демеушісі болды. Балалар үйге 2 күміс және қола медалімен қайтып оралды.

2018 жылдың басына назар аударсам, ол міне, бір-екі күннен соң өз күшіне енеді. Біз «АҚШ ІТ-стартаптарында тағылымдамалар» екінші конкурсыжеңімпаздарының есімдерін атап өттік. 2018 жылдың көктемінде 5 өтінім авторлары (конкурсқа келіп түскен 43 өтінімдерден) жарты жылға Кремний алқабына барады. Біз «Әлемнiң зертханаларындағы ғылыми машықтану»конкурсының финалға қатысушыларын да анықтадық. Оның соңғы кезеңі қаңтар айында өтеді. Біз студенттік ортадан шыққан, ғылымда ең үмітті 10 жас қазақстандықты тағы да шетелге жіберуге ниеттіміз. Желтоқсан айында жетінші «Тілектер шыршасы» басталды, оның 51 қайырымдылық алушысы – бұл «Нұр» талғар отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілері. Біз Tengrinews.kz“Алматы марафоны” және World Class Almaty бірлесіп, балаларға арналған сыйлықтарды жинап, ескі Жаңа жылда бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың көмегімен олардың жаңажылдық тілектерін орындауды жоспарлап отырмыз. Сөзімді аяқтай отырып, барлықтарыңды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын, сіздерге қызықты сын-тегеуріндермен бетпе-бет кездесуді тілеп, біздің қорымызға өз миссиясын – Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамытуды орындауға көмектесетін бенефициарларымыз жасайтындай, сіздердің де оларды лайықты жеңетіндеріңізге сенемін.

 

 

 

29.12.17, Жаңалықтар

Көру саны: 86

Другие новости