ФРАНЦИЯНЫҢ ҚОЛАСЫ МЕН КҮМІСІ

Қазақстандық оқушылар командасы Франциядан күміс және қола медальдарымен оралды. Ол жерде IESO 2017 Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиада өтті.

Глеб Смирнов, Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушысы, олимпиадада жеке есеп бойынша қола жүлдегері атанды. Ол медалін геология, астрономия, геофизика, метеорология, океанография және астрономия бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды қамтитын екі жазбаша және төрт практикалық тестілеу нәтижелеріне сәйкес ұтып алды. Бірінші орынды қытайлық вундеркинд иеленді.

— Мен мұндай ауқымды халықаралық жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Қатысушылардың барлығы мейірімді, ашық және білімді адамдар болды, сондықтан да бәсекелестік те өте күшті болды. Олимпиаданы өткізу орнын геологиялық тұрғыдан керемет жерден – Альпы таулары, жас тау жүйелерінің бірінен таңдаған. Біз жергілікті университеттің ғимаратында тұрақтадық. Бағдарламаның белсенді және қанық болғаны соншалық, біз бір минут та орнымызда отырмадық, көбінесе түнге қарай қайтып жүрдік. Тамаша обсерваторияда болдық: ол жерде жұлдыздарды зерттеп, телескоптардың қалай жұмыс істейтіндігін бақыладық. Олимпиада маған бүкіл дүние жүзінің қазіргі заманда шоғырланып жатқандығын көруге мүмкіндік берді. Біз баршамыз – қазақстандық қатысушылар – басқа елдердің 6-7 балаларымен түрлі командаларда болдық. Мен орасан зор тәжірибе алдым, және де еліміздегі бізді үйретіп жатқан геология саласындағы кеңес дәуірінен бері істеп келе жатқан жүйенің қазіргі уақыттың талабына сай келмейтіндігін түсіндім. Енді менің мақсатым бар – алға қарай жылжу, олардың жүйесін зерделеу қажет. Ойлану үшін азықты көп алдым деуге болады. Дүние жүзі бойынша достармен танысу, араласу, байланыстар орнату – бұл керемет! Мен сізге шынымды айтайын: мен медаль үшін келдім, және де мен оны алдым. Мектепті келесі жылы аяқтаймын, жыл бойы жоо туралы ақпаратты жете зерделеп, қай жерге оқуға түсуді жоспарлайтын боламын. Бірақ, бұл геология саласында болатын мамандық екендігі – бұл анық жағдай, – деп бөлісті олимпиададан алған өз ойларымен бөлісті Глеб.

Оқушы геологияны екінші сыныптан бері зерттеп келеді және бірнеше ғылыми жобаның авторы болып табылады, атап айтқанда, ол биылғы жылы Солтүстік Зайсан маңындағы экзогендік үдерістерді зерттеп жүр.

Жарыс өткен Ниццада медальдарды қазақстандық делегацияның екі басқа қатысушысы да жеңіп алды. Астаналық оныншы сынып оқушысы Аружан Қалымова және он екінші сынып оқушысы Мөлдір Шыңғыс Earth Science Project тапсырмасы бойыншаекі түрлі халықаралық командалар мүшелері күміс жүлделерді иеленді. Бұл қоршаған ортаны қорғау, жаһандық жылыну, басқа планеталарды игеру және т.б. тақырыптар бойынша өткізілетін жоба-сайыс.

— Мен жаңа сынақтардан қайта-қайта өтуді, өзімді шынықтыруды, жаңа нәрсені үйренуді, әлеммен танысуды және құнды тәжірибе мен білімдер алғанды өте жақсы көремін. Мен командамыздың олимпиададағы кез келген тапсырмаларды орындай алатындығына сенімді болғанмын, – деп хабарлады Мөлдір.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның жас геологтар командасы биыл елімізде 90 жылдығы аталып отырған Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауының арқасында IESO олимпиадасына қатысты. Францияда 21 тамыздан 30 тамызға дейін әлемнің 30 елінен 130 оқушы сайысқа түсті. Оларды құрамында Жапония, АҚШ, Австралия университетінің профессорлары болған қазылар алқасы бағалады. Халықаралық Жер туралы ғылымдар бойынша олимпиада (IESO – International Earth Science Olympiad) – геология, метеорология, геофизика, океанография және астрономия сияқты пәндер бойынша орта мектеп оқушылары арасында өткізілетін жыл сайынғы жарыс.

31.08.17, Жаңалықтар

Көру саны: 68

Другие новости