ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ NO2 ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Студент Жұлдыз Дарынова АҚШ-та өткен Халықаралық ғылыми конференцияда баяндама жасады. Бойжеткен — Химиялық инженерия факультетінің төртінші курс студенті. Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры Қазақстандық студентке Адамның денсаулығы мен қоршаған ортаның ахуалын жақсартуды көздейтін Халықаралық ғылымдар қоғамының (ISES) жыл сайынғы кездесуіне қатысып келуі үшін демеушілік көмек көрсетті. Іс-шара АҚШ-тың Дарем қаласында өтті.

Жұлдыз әлемнің әртүрлі елдерінен келген ғалымдарын Nazarbayev University студенттерінің профессор Мехди Торкмахаллех (Mehdi Torkmahalleh) жетекшілік ететін ғылыми тобының құрамында жасаған өз жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Топтың құрамында шамамен 20 бакалавр, магистр және ғылым докторлары бар. Жұлдыз өзі еңбек еткен Жобаның мақсаты – Қазақстанның атмосферасында азот диоксидінің шоғырлануының өзгерістеріне баға беру. Өз зерттеулерінде топ NASA ұсынған жерсеріктік деректерге сүйенді.

— Ауада осы улы газдың деңгейі қандай екенін бақылап отыру қаншалықты қажет? Оның себебі, ауада NO2 затының шоғырлануы қаншалықты жоғары болса, адамның тыныстау жүйесі де оны соншалықты күшті сезінеді. Жобаның шегінде Қазақстанның зерттеу үшін таңдап алынған үш қаласының ауасын негізгі ластаушы көздерді анықтадық, — деп сөзін жалғастырды Ж. Дарынова.

Тағы бір жәйт, өз жұмысы барысында ол кейбір жағдаяттардың, заңдылықтардың және тіпті ғимараттардың азот диоксиді деңгейінің жоғары-төмен болуына әсер етуі жағдайларын зерттеді. АҚШ ауада осы газдың деңгейін азайту ісінде үлкен тәжірибе жинақтаған, сол себепті осы мәселені зерттеп жүрген Қазақстандық студент қыздың да осы жыл сайынғы ғылыми кездесуге қатысуы кездейсоқтық емес.

— Кездесуде жария етілген баяндамалардан, әлем ғалымдарының негізінен дамушы елдердің экологиялық мәселелерін зерттеумен шектелетінін аңғардым. Бұл тізімде Қазақстан жоқ, аталған елдермен салыстырғанда біздегі жағдай едәуір жақсы.  Бірақ, біз осы проблемамен айналыспайтын болсақ, азот диоксидінің қазіргі төмен деңгейі кез-келген сәтте едәуір жоғарылауы мүмкін. Және де сондай жағдайда мәселені шешу үшін қазіргі сәтпен салыстырғанда, едәуір үлкен қаражаттарды жұмсау қажет болады. Мен Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорына жетістіктерді тілеймін және де сіздер зерттеушілерге мүмкіндіктерді ұсынатын дәнекер боласыздар деп үміттенемін, – деп Жұлдыз өз ойымен бөлісті.

18.10.17, Жаңалықтар

Көру саны: 62

Другие новости