ЕСЕНОВ ҚОРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНДА ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚТАР БАР?

Оқу жылы басталды, алайда Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қорының кейбір жеңімпаздары өздерінің ғылыми тағылымдамаларын жалғастыруда. Yessenov Launch Pad жеңімпаздары өздеріне қажетті  курстарды таңдап, өтуде, кейбірінікі әлі алды, ал біреуі тіпті жұмыс туралы ұсыныс алды. Биыл алғаш рет өткізіліп отырған, «Өрлеу» бағдарламасының жеңімпаз студенттерінің алғашқы оқу жылы қалай басталды? Бұл туралы қайырымдылық қорының бағдарламалар үйлестірушісі Айгерім Султан айтып береді.

«Өрлеу»
– «Өрлеу» бағдарламасы бойынша біздің қор бакалавриаттың 1 оқу жылының ақысын төлейді. Барлық жеңімпаздарда сабақтар басталып кетті. Қарағандылық Лейла Әлімқұлова (20 жаста) Satbayev University-ге «Ақпараттық қауіпсіздік» бөліміне оқуға түсті. Ақтөбелік Әнуарбек Ашықбаевтың (17) таңдауы Асфендияров атын. ҚазҰМУ-ға түсті, ол тіс дәрігері болғысы келеді. Алматылық Қымбат Оқас (17) Әнуарбек таңдаған жоо-ның «Жалпы медицинада» бөлімінде білім алып жатыр. Ал Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медициналық колледжінде оқуға мүмкіндік алған Ленгерлік 18 жастағы Илья Тренькин де тіс дәрігері болуды жоспарлап отыр. Балалар бірінші қысқы сессияны жақсы тапсырады және қор есебінен білім мен шәкіртақы алуды жалғастырады деп үміттенеміз. Айтпақшы, олар қыркүйек айында өздерінің бірінші шәкіртақыларын алды.

Ғылыми тағылымдамалар
– Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпаздары туралы соңғы жаңалықтар мынадай. Нариман Қайырбеков, Алуа Ескендір, Бексұлтан Қазыбай және Дәрмен Ілияс тағылымдамадан сәтті өтіп, Қазақстанға оралды. Дәурен Сәрсенбаев 27-қазанға дейін АҚШ-та, Lawrence Berkeley National Laboratory-де тағылымдамадан өтетін болады. Азамат Есенғазин 1-қыркүйекте Америкаға Ohio State University жанындағы химия және биохимия кафедрасының зертханасына аттанды. Оның тағылымдамасы желтоқсан айында аяқталады. Айдана Сегізбаева жақын арада елден кетеді. Оны канадалық Ванкувердегі Британдық Колумбия университетінің зертханасы күтуде. Онда қазақстандық қыз желтоқсан айының ортасына дейін болмақ. Айдар Әлімбаев виза алды, Техастағы Tamids Scientific Machine Learning Lab зертханасында тағылымдамадан өтуді жоспарлап отыр. Светлана Колесниченко виза мәселесінің шешілуін күтуде. Жоспар бойынша оның тағылымдамасы жыл соңына дейін Канаданың Гамильтон қаласында өтуі тиіс. Карина Секенова, естеріңізге сала кетейін, жеке басының жағдайлары бойынша бағдарламадан шықты.

Yessenov Launch Pad
– Бұл айтишниктерге арналған қосымша білім беру бағдарламасы. Аида Сағандықова әрбір веб-әзірлеушіге қажет «Python-мен компьютерлік және веб-технологиялар негіздері» курсын таңдады. Аталмыш курс жақын арада басталып, алты айға созылады. Төлеген Ахметов қазан айының басында Жапонияның Токай университетіне компьютерлік көру тренингіне барады. Айнұр Қымбатова nFactorial school-дан 9 аптаға созылған «Data analytics нөлден» курсын аяқтады. Сонымен қатар, ол біздің қор тәлімгерімен кеңескеннен кейін тағы бір курстан өтуді жоспарлап отыр. Қуат Мәдениет «Яндекс Практикумы» ұсынған жартыжылдық «Дата инженері» курсында білім алып жатыр. Курста 2 ай оқығаннан кейін ол бірден Қазақстанның екі жетекші банкінен жұмыс туралы ұсыныс алды және тіпті олардың біреуін қабылдап та үлгерді. Құттықтаймыз! Әсет Данияров  Physalia Courses онлайн курстарынан Python-да деректерді визуализациялау (қазан) және мультивариативті деректерді талдау (қараша) сияқты бірнеше курсты өтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Әсеттің жоспарында  гранттың қалған сомасына  IELTS тапсыру бар.

15.09.22, Жаңалықтар

Көру саны: 95

Другие новости