«ФИЗИКА КОМИКСТЕНІ» ТЕГІН ЖҮКТЕҢІЗ

Shakhmardan Yessenov Foundation «Физика комиксте» мемлекеттік және орыс тіліндегі алғашқы шығарылымын өзінің веб-сайтына орналастырды. Шығарылым тегін жүктеуге қол жетімді және де 10-12 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында ғылымды насихаттау мақсатын көздейді. 

Бірінші нөмірі 2019 жылдың басында шықты. Ғылымға деген қызығушылықты дамытатын комикс жасау жобасы Қазақстанда алғаш рет іске асырылып отыр. Оның сюжетінде Яков Перельманның «Занимательная физика» атты классикалық кітабынан алынған физикалық заңдар мен құбылыстар жатыр. Оқиғаның қаһармандары қазақстандық төрт мектеп  оқушысы. Олар уақыт кеңістігіне саяхат жасай отырып, жас оқырмандарды қызықты түрде пайдалы білімдермен таныстырады. Қордың аталмыш жұмысы Мәскеуде өткен жыл сайынғы Ағартушылар слеті және ғылыми форум қатысушыларының және де сарапшылардың жоғары бағасына ие болып үлгерді.

– Өздерінің саяхаттарында – ал бұл 8 нөмір – біздің қаһармандар (Ерік, Руслан, Ника және Әлібек Шарын шатқалында, ежелгі Отырар қаласында, Алматы маңайындағы Қайыңды көлінде, Каспий теңізі жағасында, тіпті ғарышта болып қайтты, — деп жоба үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов әңгімеледі. – Топтаманың аяқталуына 2 нөмір қалды. Және де қазіргі таңдағы карантин уақытысында көптеген балалар үйде отыруға мәжбүр, ал кейінірек онлайн білім алуға көшеді. Осы жағдайды ескере отырып, балаларға уақытты қызықты әрі жаңа білімге қол жеткізе отырып,  пайдалы өткізу мүмкіндігіне жағдай жасап отырмыз.

«Физика комиксте» қалған нөмірлері (тегін жарияланған бірінші нөмірде) қазақ және орыс тілдерінде сатылымда бар. Оларды flip.kz, meloman.kz және bookcity.kz сынды интернет-дүкендерінен сатып алуға болады. Shakhmardan Yessenov Foundation комикстермен жұмысты өзінің өнімін тек жергілікті ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарықта да жақсы жағынан көрсеткен KhanComics компаниясымен бірлесіп іске асыруда. Осыған дейін қор тираждың жарты бөлігін Алматының кейбір мектептері мен балалар кітапханаларына тегін ұсынған болатын.

Upd Қор кітапханасынан «Физика комисктенің» екінші және үшінші нөмірлерін жүктей аласыз.

1.04.20, Жаңалықтар

Көру саны: 161

Другие новости