Yessenov Foundation: 69% студент ағылшын тілін жақсартты

Петропавлдағы Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университетінде (Kozybayev University) ағылшын тілі бағдарламасының бірінші семестрі аяқталды. Оқытушылар Натан Махер және Энтони Грэм Дюррант тестілеу өткізіп, 111 студент (69%) өздерінің шетел тілін игеруін жақсарта алғанын анықтады. Екінші семестрдің сабақтары 23 қаңтарда басталады.

Біз Yessenov Foundation бағдарламаларының үйлестірушісі Айгерім Султаннан бірінші жарты жылдықтың нәтижелері бойынша түсініктеме беруін өтіндік – Қазанда оқу үдерісі басталған кезде, студенттерді алдын ала тестілеудің нәтижелеріне сәйкес топтарға бөлдік. Қатысушылардың көп бөлігі – 88-і –Elementary және Pre-Intermediate деңгейлеріне, 73-і Intermediate, Upper Intermediate және Advanced деңгейлеріне жатқызылды. Алайда, егер студент немесе оқытушы сабақтардың қиын немесе керісінше – жеңіл болғанын сезінсе, оның бағдарламаның бірінші үш аптасы ішінде басқа деңгейдегі топқа ауысуға құқығы болды. Алты қатысушы әртүрлі себептермен бағдарламадан шығып кетті, – деді А.Султан.

Прогреске қатысты, қор өкілінің айтуы бойынша, оны екі оқытушының студенттерінің көпшілігі көрсетті. Мысалға, Advanced деңгейінің білім алушылары білімдерінің деңгейлері 3-тен 20%-ға дейін, ал Elementary деңгейінің студенттері 3-тен 15%-ға дейін жақсарғанын көрсетті. Алайда, бағдарламаның 13 қатысушысының күзгі және қысқы тестілеу арасында өткен уақыт ішінде өз көрсеткіштері шамалы болса да – 3-тен 7%-ға дейін төмендеген.

– Желтоқсанның соңында барлық қатысушылар аралық емтихан тапсырды: writing task және grammar test. Нәтижелер бойынша динамика жағымды. Кейбір студенттерге (негізінде, көрсеткіштері төмен) біз топты ауыстыруды ұсынамыз және де каникулдардан кейін қажетті ауыстыруларды жасаймыз. Бұл студенттер үшін сабақтардың тиімдірек өтетіні ұйғарылады, – деп хабарлады оқытушы Энтони Дюррант. – Сонымен қатар қаңтардың соңында дәлелді себептермен осыны бұрынырақ жасай алмаған 26 студент емтихан тапсырады, – деп толықтырды.

Еске салайық, Kozybayev University 2022 жылы Yessenov Foundation өткізген өңірлік жоғары оқу орындарының байқауын жеңіп алды, және екі жыл бойы өз студенттерімен қордың ағылшын тілі бағдарламасын жүргізу құқығын алды. Академик Ш.Есенов атындағы қордың Bonas MacFarlane Kazakhstan-мен бірге серіктестікте жүзеге асырылатын бағдарламасы бойынша, аталған сәтте солтүстік-қазақстандық жоғары оқу орнының 98 студенті және 63 оқытушысы білім алуда. Қор барлық білім алушылардың (161) курста оқу ақысын төлейді. Сабақтар 90 минуттан аптасына екі рет өтеді. Қысқы каникулдардан кейін олар қайта басталады және 2023 жылғы мамырға дейін жалғасады. Келесі оқу жылында университетте жаңа студенттердің іріктеуі жүргізіледі.

Әртүрлі жылдарда Yessenov Foundation ағылшын тілі бағдарламасы байқауының жеңімпаздары Ш.Есенов атындағы КМТИУ (қазір– Yessenov University), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Қарағанды медициналық университеті болды. 2020 жылдан бастап бағдарлама бойынша оқыту онлайн түрде өтеді. Бағдарлама басталғалы бері, 2013 жылдан бері, 825 қазақстандық бағдарламаға қатысу арқылы өзінің ағылшын тілін жақсартты.

23.01.23, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 115

Другие новости