АҒЫЛШЫН ТІЛІ ӨҢІРЛЕРДЕ

Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қоры өзінің ағылшын тілі бағдарламасын жаңа бағытта жаңғыртады. Ендігі таңда ағылшын тілі бағдарламасын өткізу үшін  өңірлік жоо таңдау 19 ақпанда басталып, 31 наурызға дейін созылатын гранттық байқау арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлік жоо қатыса алады. Байқауға өтінім бере отырып, олар ағылшын тілі бағдарламасын өз университетінде өткізу құқығы үшін жарысқа түседі.

— Жеңімпаз жоо таңдауды қордың сарапшылар кеңесі жүзеге асыратын болады. Іріктеу екі кезеңде жүзеге асырылады. Біріншісінде жоо қорға өтінім жібереді. Бірінші кезеңнің соңында сарапшылар кеңесі бағдарламаның «Ережесіне» лайықты деген 4 үміткер жоо таңдап алады. Екінші кезеңде қор қызметкерлері таңдап алынған үздік жоо-ға барып, олардың ұйымдастырушылық-техникалық базасын бағалайтын болады, — деп қордың бағдарламалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов айтып өтті. — Сәуір айының соңында біз жеңімпаз жоо-ның атын білетін боламыз. 2019-2021 оқу жылында аталмыш бағдарлама арқасында 160-қа жуық студенттер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар өздерінің ағылшын тілі деңгейлерін айтарлықтай арттырады деп күтілуде.

2019 жылдың қыркүйек айында жеңімпаз жоо-да бағдарламаға студенттер мен оқытушыларды іріктеу өтіп, ал қазан айынан бастап ағылшын тілін оқыту басталады. Сабақтарды тек арнайы шақыртылған ағылшын тілі иегерлері жүргізетін болады.

Бұл бағдарламаны қор Bonas McFarlane Kazakhstan-мен әріптестікте жүзеге асырады және де оның мақсаттарының бірі — студенттер мен оқытушылардың мамандандыру салаларындағы ағылшын тілін игеру деңгейлерін арттыру болып табылады. Үш жылға созылған бағдарлама Ақтау қаласындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде аяқталды (оның қатысушылары 250-ден астам оқытушылар мен студенттер).  Ал 2017 жылдан бастап аталмыш бағдарлама Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүргіліле бастады. Аталмыш жоо-да бірінші жылы бағдарлама аясында 90 студент мен 30 оқытушы өздерінің ағылшын тілі деңгейлерін арттырса, осы жылы 90 студент пен 45 оқытушы ағылшын тілін игеру деңгейлерін көтеруде.

13.02.19, Қор жаңалықтары

Көру саны: 856

Другие новости