IESO: ҚАЗАҚСТАНДА 6 ЖҮЛДЕ

Таиландта Жер ғылымдары туралы халықаралық IESO 2018 олимпиадасы өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, алматылық оқушы Ақназар Қажымұрат күміс жүлдені, ал оның топтағы әріптесі Асылбек Өмірзақ қола жүлдені қанжығаларына байлады.

— Бұдан өзге де, қазақстандықтар аралас топ құрамында да басқа марапаттарға  ие болды.  Кәмилә Қажен өз тобымен бірге  жарыстың екі түрінен – Earth System Project (ESP) және International Team Field Investigation (ITFI) – екі бірдей алтынды қанжығасына байлады.  Бұл жарыстардың мақсаты балалардың халықаралық командадағы жұмыстары арқылы дағдылары мен білімдерін тексеру, — деп академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының жобалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмуханов айтып өтті.

Біздің отандастарымыз — Ислам Айтуғанов пен Асылбек Өмірзақ — өз командаларымен халықаралық білім байқауының қола жүлделерін еншіледі. Нәтижесінде, Қазақстан қанжығасында 6 жүлде.

— Олимпиада бағдарламасының екі жобадан тұрғаны маған қатты ұнады, өйткені жоба  өзіңнің тобыңдағы балалармен және де екінші жоба ретінде әлемнің түрлі елдерінен келген балалармен жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Соның арқасында мен тек қана көптеген өзімнің құрдастарыммен танысып қана қойған жоқпын, сонымен қатар Жер ғылымдарына қатысты біздің ғаламшарымыздағы жаһандық проблемалар жайлы да хабардар болдым, —деп И.Айтуғанов өз әңгімесімен бөлісті.

— Олимпиада саған сын-тегеурін тастайды, қателіктер жібересеің, және, әрине, сол жіберген қателіктерің арқылы көп нәрсені үйренесің, —  деп ойлайды А.Өмірзақ.

Тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін, оқушыларға геология, геофизика, метеорология, океанография және астрономия саласындағы білімдер қажет болды. Махидол Университетінің кампусында өткен олимпиада әлемнің 39 елінен  280 оқушы мен менторларды жинады.

IESO –ге ұлттық құраманы іріктеу 2018 жылдың басында өтті. Ал, Есенов атындағы қор осымен екінші рет ғылыми олимпиадаға баратын оқушылардың жол және өзге де шығындарына демеушілік көмек көрсетуді шешті. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Францияда өткен IESO біздің жас отандастарымыз үшін  жеке есептегі бір жеңіспен  (күміс) және де  аралас халықаралық команда құрамындағы (қола) екі жеңіспен аяқталған болатын.

17.08.18, Жаңалықтар

Көру саны: 76

Другие новости