ШАХМАТТАН БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ АЯҚТАЛДЫ

Шахматтан Қазақстан Республикасы балалар Кубогының финалы Астана қаласында желтоқсанның 17-сі мен 24-і аралығында өтті.

Спорттық іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан шахмат федерациясы, «Шахматистердің ұлттық одағы» шахмат Академиясы мен Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Турнирдің қаһарманы мен жеңімпазы болып Шымкент қаласының тұрғыны, 13 жастағы Рамазан Жалмаханов атанды.  Жасөспірім Кубокпен қатар шахматтан әлем Чемпионатына жолдама және 100 000 теңге ақшалай жүлде жеңіп алды. Жарыстың күмісі мен 60 000 теңге жүлдесіне Қазыбек Нөгербек(11 жас, Астана) еншіленді. Қола медальді Арыстан Исанжулов (Семей) және Руслан Салимов (Қостанай) бөлісті. 12 жастағы шахматшының әрқайсысы 40 000 теңге көлемінде ақшалай жүлдеге ие болды.

28.12.15, Жаңалықтар

Көру саны: 74

Другие новости