98 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖЕҢІСКЕ ҰМТЫЛУДА

Академик Ш. Есенов атындағы қазақстандық  ғылыми білім беру қоры ұйымдастырған байқауға 98 өтінім келіп түсті. Байқаудың бес жеңімпазы жарты жыл Американың IT-стартаптарында тағылымдамадан өтуге аттанады.

Байқауға қатысушылардың көп бөлігі, атап айтқанда 42-сі Алматы қаласынан, ал қалған бөлігі Шымкент, Семей, Тараз және Қарағанды қалаларынан (әрқайсысынан 5-тен 9-ға дейін қатысушы). Өтініш бергендердің 78-і іскерлік портфолиосы бар мамандар, 20 үміткер жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруда. Front End, Back End және Data Scientist – жеңіске үміткерлердің басым бөлігі өздерін осылай ұсынды. 13 ізденуші – өткен жылғы Yessenov Data Lab, ғылыми және де IT тағылымдамалар байқауының қатысушылары (кейбірі, тіпті жеңімпаздары).

Биылғы жылы өтінімдер алғаш рет онлайн режимде қабылданды. Осы кезеңде коммерциялық емес ұйымның қызметкерлері екінші турға өтінімдерді іріктеуді жүргізеді.

– Өтінімдерді бағалау кезінде біз кандидаттардың техникалық құзыреттерін, олардың IT саласындағы жұмыс тәжірибесін ескереміз. Уәждемелік хаттарына ерекше назар аударамыз.  Бұдан кейін біз байқаудың келесі кезеңінің 35-ке жуық қатысушысын іріктейміз (шамамен 7-ші қараша). Алайда бұл сан алынған өтінімдердің сапасына байланысты. Аталмыш кезең, Skype бойынша қор сарапшыларымен сұхбат ретінде өтеді. Олардың арасында Эльдар Ахметғалиев, Ерлан Идельбаев, Тамирлан Сейдахметов және Нұрлыбек Қасымов бар. Әңгімелесу кезінде сарапшылар грантқа үміткерлердің жоғары кәсіби деңгейіне көз жеткізіп қана қоймай, олардың мотивация және де ағылшын тілін меңгеру деңгейін тексереді, — деді бағдарлама менеджері Роумиса Башаева.

Қордың хабарлауы бойынша, 26 қарашаға қарай Американың ІТ стартаптарында тағылымдамадан өтушілердің үшінші, яғни финалдық кезеңге өткендердің тізімі жарияланады. Байқаудың үшінші кезеңі онлайн режимінде кандидаттардың психологиялық қасиеттері мен ақпаратты жаңғырту деңгейін тестілейді. Ал 5 желтоқсан біз қормен бірге стартапты таңдайтын жеңімпаздардың аттарын білетін боламыз. Одан кейін визаларын және өзге де құжаттарды ресімдеу процесі басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Shakhamardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қоры жеңімпаздардың АҚШ-тағы визаларын, ұшуын, медициналық сақтандыруын, тұруы мен тамақтануын толық төлейді. Жеңімпаздар алты айлық тағылымдама барысында бағдарламалау мен  стартапты басқаруда баға жетпес тәжірибе алады. Қазақстанға қайтып оралғаннан кейін олардың мансабы мен бизнесі айтарлықтай алға басары сөзсіз.

25.10.19, Жаңалықтар

Көру саны: 94

Другие новости