212 ҮМІТКЕР ГРАНТ ҮШІН КҮРЕСУДЕ

9 желтоқсанда ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды. Биылғы жылы бөлінетін 17 грантқа 212 өтінім келіп түсті.  Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры осымен 7 жыл қатарынан гранттық байқау өткізуде. Осы уақыт ішінде әлемнің 12 елінің үздік зертханаларында 80-ге жуық жас қазақстандық ізденушілер тағылымдамадан өтті. Биыл оларға тағы 17 адам қосылады.

– Біз өтінімдерді қабылдайтын онлайн-платформа енгіздік. Ол жерде құжаттар саны бойынша шектеулер қойылатын да арнайы бағдарлама бар. Егер бұрын үміткерлер көптеген сертификаттар мен түрлі грамоталарды жіберсе, биыл біз олардың ғылыми және әлеуметтік қызметін жақсы деңгейде көрсететін құжатын таңдауды өтіндік, – дейді Есенов атындағы қор жобаларының үйлестірушісі Тоқтар Ескендіров.

Байқауға қатысушылардың кейбіреулері өтінім беру кезінде техникалық қиындықтарға тап болғанына байланысты Қор оларға имейл бойынша сауалнама жіберуге, уақытын 9 желтоқсанның түніне дейін ұзартуға рұқсат беруге шешім қабылдады.  Бағдарлама өз жұмыс істеген уақытында көптеген өзгерістерге ұшырады. Бірінші жылы тек 9 грант бөлінді. Жас мамандар мен магистранттарға арналған тағылымдамалар бағдарламасы қазақстандықтарды Қытай мен Ұлыбританияға тағылымдамаға жіберу бойынша эксперименттер жүргізілді.

– Сынамалар мен қателер әдісімен біз енді осы байқау аясында магистрлер, жұмыс істейтін жас мамандар мен бакалавриаттің 2,3 курс студенттері қатыса алады деген шешімге келдік. Бұлөз кезегінде медициналық мамандықтар үшін қажет. Қордың негізін қалаушы Ғалымжан Есеновтың қолдауымен, екінші жыл қатарынан қор 17 грант бөліп отыр, – деп Тоқтар сөзін толықтырды.

10-25 желтоқсан аралығында Қор сарапшылары барлық өтінімдерді бағалап, 40-50 үміткерді іріктеп, екінші кезеңге өткізеді. Екінші кезең іскерлік ойын әдісімен өтеді. 10-19 қаңтар аралығында өтетін ойын кезінде Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қатысушыларға, байқау ұйымдастырушыларына кандидаттардың жеке қасиеттерімен танысуға мүмкіндік беретін жағдайлық кейстер, ал үшінші турда қатысушыларға жеке психологиялық құралдарды анықтау үшін онлайн тест беріледі. Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша қаңтар айының соңына дейін қор 17 жеңімпаздың атын жариялайды.

Ережеде айтылғандай Есенов атындағы қордың грантын жеңіп алу үшін химия, физика, математика, Ақпараттық технологиялар, медицина, биология, инженерия, геология және т.б. сияқты білім салаларының өкілдері қатысады. Қалалар ішінен өзге жылдардағыдай Алматы, артныша Тараз, Қаарғанды және Шымкент көш бастап тұ; 35 үміткер – шағын қаларадың, аудан орталықтарының және де ауылдық елді мекендердің тумалары. 92 өтінім жоо-ның 2-3 курс студенттерінен келіп түсті. Биыл Бағдарламаға қатысушылардың жартысынан астамы Назарбаев Университетінің студенттрі, өтініш берушілердің жартысы – қыздар.

11.12.19, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 78

Другие новости