16 ЖОО АҒЫЛШЫН ТІЛІ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҮМІТКЕР

31 наурыз күні Алматы қаласында Ш. Есенов атын. ғылыми білім беру қорының ағылшын тілі бағдарламасына қазақстандық аймақтық жоо-дарынан өтінім қабылдау аяқталды. Бағдарлама іске асырылатын жеңімпаз-университет 30 сәуір күні белгілі болады.

Қор гранты үшін 16 өңірлік жоғарғы оқу орындары күресетін болады. Олардың арасында С. Аманжолов атын. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен), М.Дулатов атын. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Ахмет Яссауи атын. халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан), Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал), Қарағанды медициналық университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті бар. Бір қызығы 2013-2016 ж.ж. қор ағылшын тілі бағдарламасын осыған дейін базасында екі жыл қатарынан  іске асырған Yessenov University-ден де (Ақтау, бұдан бұрын Ш. Есенов атындағы КМТИУ) өтінім келіп түсті.

Шамамен қанша стуедент пен оқытушыларды оқыту жоспарлануда?
— Біз ағылшын тілін білу деңгейін шамамен 160 адам арттырады деп жоспарлап отырмыз, оның ішінде 90-ы студенттер болады. Сонымен қатар, магистранттар мен докторанттарға да орынтар қалдырдық, — деп Есенов атын. қордың бағдарлама үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов айтып өтті.

Байқау қалай өтеді және «қазылар алқасы» кімдер?
— Алдымен байқаудың сараптамалық кеңесшілері өтінімдерді қарайды. Оның құрамына Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы сарапшылар кіреді. Одан кейін біз кеңес мүшелерінен жеңіске үміткер үздік 4 жоо тізімін аламыз. Әрі қарай қор өкілдері осы төрт оқу орнына танысу сапарларын жасайды, және нәтижесі бойынша шешім қабылданады, — деп қосып өтті.

30 сәуір күні қор бағдарлама жеңімпазын хабарлауды жоспарлап отыр.  Ал қыркүйек айында қор командасы жеңімпаз-университет аумағында университет студенттері арасында бағдарламаға қатысу үшін байқау  өткізеді. Іріктеуден өткен барлық студентетр мен оқытушылар ағылшын тілін білу деңгейлеріне байланысты топтарға бөлінетін болады. Бағдарлама бойынша оқыту 1 қазан күні басталады, ала сабақтар апатасына екі рет 90 минуттан өткізілетін болады.

Нұрсұлтан қор бағдарламасы грантының құрылымы жайлы айтып өтсеңіз: кімге және неге беріледі?
— Ол жеңімпаз-университет аумағында ағылшын тілі курстарын жүргізуге беріледі. Біз студенттер арасында ағылшын тілі сабақтарын өткізу үшін серіктесіміз және курстар операторы —Bonas MacFarlane Kazakhstan халықаралық мектебіне қаражат төлейміз. Осы жылдардағы серіктестік нәтижесінде біз ынтымақтастықтың тиімділігіне көз жеткіздік. Әрине, мәселелер де болды, оларды біз бірлесе шешіп отырдық. Есенов атындағы қор гранты курстарды өткізу, соның үшінде,  Ұлыбританядан арнайы шақыртылған оқытушылардың жалақысын, олардың гонорарын, тұру және Қазақстандағы жұмыстарымен байланысты тағы басқа шығындарын жабады, — деп бағдарлама үйлестірушісі айқындап өтті.

Қор құрылтайшысы Ғалымжан Есенов, өз кезегінде – «Қор тек қана грант беріп қоймай, сонымен қатар оқу бағдарламасын жасауды жүзеге асырады, стуенттер мен оқытушылардың үлгерімі мен сабақтарға қатысу маниторингін жүргізеді. Bonas MacFarlane Kazakhstan оқу бағдарламасын қалыптастыруға, оқытушылардың логистикалық мәселелерін шешуге жауап береді» – деп атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бағдарлама аясында қазірдің өзінде Қазақстанның өңірлік Ақтау мен Қызылорда қалаларындағы жоо-ның  шамамен 500-ге жуық студенттері мен оқытушылары өздерінің ағылшын тілін білу деңгейлерін арттырды.

3.04.19, Жаңалықтар

Көру саны: 183

Другие новости