Университеттер арасындағы студенттер мен оқытушыларды ағылшын тіліне гранттық оқыту бағдарламасы, 2019-2021

Университетке 2 жылдық ағылшын тілі бағдарламасын өткізуге грантты беруге арналған байқау.

Бағарлама өңірлік университеттер арасында байқаулық іріктеу форматында өткізіледі. Байқауға Астана мен Алматы қалаларынан тыс жерде орналасқан, тек қана Қазақстанның өңірлік ЖОО қатыса алады.

Жылсайынғы гранттардың саны – 160, олардың ішінде студенттер үшін – 90, оқытушылар үшін – 45, және магистрлер мен PhD үшін – 25;

Оқыту форматы: Әр сабағы 90 минут/2 академиялық сағаттан  туратын, аптасыа екі рет өткізілетін кешкі курстар. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша топтар үшін сенбі сабақ күні болып табылады.

Жылсайын қатысудың, қатыстырудың (үй тапсырмаларын орындау) және тестілер бойынша (бастапқы, аралық және финалдық) прогресс нәтижелерінің үздік көрсеткіштері бар 20 оқытушы және 15 студент Шахмардан Есенов атындағы қордың есебінен IELTS тестісін тапсыруға мүмкіндік алады.

Өтінімдер қабылдау: 18 ақпан – 31 наурыз. Сканирленген қосымшалармен электронды түрдегі өтінімді қордың info@yessenovfoundation.org электрондық поштасына жіберу қажет. Қағаз нұсқадағы құжаттар талап етілмейді. 2019 жылғы 30 сәуірде конкурстың жеңімпазы жарияланады.

Байланыс ақпарат
Эл. пошта: nurmukhanov.n@yessenovfoundation.org
Тел.: +7 727 346 9288, +7 701 627 9607 (Айгерім), +7 707 96605 96 (Нұрсұлтан).

Ереже
Downloaded: 265, Size: 51.1 KB
Өтінім
Downloaded: 225, Size: 69.6 KB
1 тур жеңімпаздары
Downloaded: 243, Size: 113.7 KB

Көру саны: 93