ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ – 2016

Желтоқсанның 8-жұлдызында Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Тілектер шыршасы» атты дәстүрлі акциясы басталды.

Алты жыл қатарынан Komanda SOS еріктілері сиқырлы Аяз Ата шапанын киіп, арнайы қатжеттіліктері бар балалардың асыға күткен жаңа жылдық сыйлықтарын жеткізуде. Осы жылы бізге балаларға арнап нағыз  мереке жасауға Ротари Алматы Клубы және Спутник” сауда-ойын-сауық орталығы көмектесуде. Vox Populi фотографтары – әпкелі-сіңлілі Абдусалямовалармен бірге АРДИ-ге (мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы) барып, 2 мен 15 жас аралығындағы 25 баламен фотосессия өткізіп, балалардың барлық тілектерін жазып алдық.

Балалардың суреттері мен тілектері Vox Populi сайтына шығып, Спутник орталығындағы жаңа жылдық шыршасына да ілінеді. Ескі Жаңа жыл күні, яғни 13 қаңтарда, Аяз Ата балалардың қалаған силықтарын сыйламақшы.  Егер де сіз жобаға қосылып, балалардың біріне силық жасағыңыз келсе Спутник сауда-ойын-сауық орталығындағы ресепшнге немесе +7 727 349 40 05 телефон номері бойынша хабарласыңыз.

9.12.15, Жаңалықтар

Көру саны: 82

Другие новости