YDL 2025: 136 ӨТІНІМ

Биыл Yessenov Data Lab бағдарламасының гранттық байқауы бойынша Ш. Есенов атындағы қазақстандық ғылыми білім беру қорына 136 өтінім келіп түсті. Оның ішінде талдаушыларға арналған алтыншы жазғы мектептегі 20 орынға 52 үміткер іріктелді. Іріктеу қалай өтіп жатыр және байқау қатысушыларын алда тағы қандай сынақтар күтіп тұр? Бұл туралы қор менеджері Григорий Ли айтып береді.

Григорий, бағдарламаға өтінім бергендер жайлы айтып беріңізші.
136 өтінім келіп түсті. Бұл мектепке үлкен қызығушылық бар екенін көрсететін YDL-дің 6 жыл ішіндегі  екінші көрсеткіші. Бір қызығы, қыздар мен жігіттер өтінімдерінің санындағы айырмашылық үлкен емес. Сәйкесінше 76 және 60. Бірақ байқаудың келесі кезеңдеріне іріктелгендер арасынан біз қыздарды айтарлықтай көбірек таңдадық: олардың 34-і қыздар, ал жігіттер – 18.

Бұл сізге не айтады?
IT мен Big Data қыздарға арналмаған деген миф түбегейлі жоққа шығарылды.

Сіздерге өтінімдерді көбінесе студенттер бере ме?
Иә, тұтас алып қарағанда, келіп түскен 79 өтінім – ЖОО 2-4 курс студенттерінен. Магистранттар (27) және Қазақстанның түрлі ғылыми мекемелерінде жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлер де (17) көп. Докторанттар мен интерндер де бар.

Байқауға өтінімдерді қандай параметрлер бойынша таңдадыңыздар? Неліктен 80-нен астамы қабылданбады?
Өтінім Ереженің талаптарына сәйкес келуі керек. Онда қатысушылар белгілі бір мамандықтардың өкілдері болуы тиіс, ал GPA 3-тен жоғары болуы керек деген талап бар. Басты емес, бірақ бәсекелес күресте басқа талаптар, яғни ағылшын және бағдарламалау тілдерін білу маңызды болып есептеледі. Жобалармен, жарияланымдармен жұмыс істеу тәжірибесі, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығы және волонтерлік тәжірибесі бар адамдарға басымдық береміз. Осы талаптардың барлығын ескере отырып, байқаудың келесі кезеңдерінен 80-нен астам үміткер шығарылды.

YDL байқауының ең маңызды бөліміне жіберілгендердің құрамы олардың білім деңгейінен өзгерді ме?
Өткендердің көпшілігі бакалавриатта, негізінен 3, 4 курста оқиды, себебі олардың екінші курс студенттеріне қарағанда дайындығы да, бұл мектептің не үшін қажет екені туралы түсінігі де жоғарырақ. Қалғаны бойынша іріктелгендердің санаттары бағдарламаға өтінім бергендердікімен бірдей. Барлық докторанттар мен магистранттар өткен жоқ.

Байқаудың негізгі бөлімі қалай өтеді?
Ол 2 кезеңнен тұрады. Біріншісі басталды. Бұл – математика, логика және деректерді талдау бойынша тестілеу. Тестте 30 сұрақ бар, ол онлайн түрде өтеді. Сұрақтарға 40 минут беріледі. Бұған қоса, барлық қатысушылардың өз жеке сілтемесі,  сұрақтары мен міндеттері бар. 25 мамырдан кейін біз байқаудың соңғы кезеңіне дейін өткен финалистер тізімін аламыз. Ол 5 маусымға дейін аяқталатын онлайн форматтағы сұхбат болады. Осыдан кейін Yessenov Data Lab талдаушыларына арналған алтыншы жазғы интенсив қатысушыларын – 20 жеңімпаздың атын жариялаймыз.

YDL 2025 оқу бағдарламасының ерекшеліктері, лекторлары, іріктеу байқауының соңғы екі кезеңі қалай өтетіні туралы осы материалдан көбірек біле аласыз.

22.05.25, Жаңалықтар

Көру саны: 195

Другие новости