ГРАНТ ҰТЫП АЛ ДА, ТАҒЫЛЫМДАҒА ЖОЛДАУ АЛ

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры әлемнің ең үздік зертханаларында 2017-жылдың жазында ғылыми тағылымдамадан өту үшін қазақстандық студенттерге арналған 10 ГРАНТына байқауын жариялады.  Байқауға ғылыми және техникалық мамандықтарда оқып жатқан екінші және үшінші курс студенттері қатыса алады.

Жыл сайынғы грант байқауы осымен төртінше рет өтейін деп отыр. Осы күнге дейін қор еліміздің 30-ға жуық студенттерінің АҚШ, Швейцария, Қытай және Швеция зертханаларындағы тағылымдамасына демеушілік көрсетті.  Жеңімпаздар арасында Nazarbayev UniversityАсфендияров атын. Ұлттық медицина университетіГумилев атын. Ұлттық Еуразиялық университетҚазақ-Британдық техникалық университет пен Сүлейман Демирель университетініңбілімгерлері бар.

– Шетелдік жоғарғы оқу орындарында өтетін тағылымдаманың мақсаты – бұл еліміздің зияткерлек әлеуетін дамыту.  Осы мақсат қордың миссиясымен тетктес.  Басқа ретте шығындарды өтеуге мүмкіндігі жоқ бұл жастарға әлемнің озық зертханаларындағы тәжірибе алу арқылы болашақ ғалымдарымызға масаптарына жетуге көмектесіп жатырмыз, – деп қордың құрылтайшысы Ғалымжан Есенов ойымен бөлісті. – Жаратылыстану-ғылыми, техникалық немесе нутрициология, емдәмі зерттеулері және халық денсаулығы бағытында 2-ші немесе 3-курс студендті болсаңыз, байқауға қатыса аласыз.

Қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева қосқандай:
– Болашақта шетелге Ph.D-ге түсем деушілерге осындай шетелдік зертханадағы тәжірибе міндетті түрде қажет.  Жеңімпаздарды іріктеу барысында ғылыми жобалары бар, тіпті ғылыми ізденістерінде нәтиже көрсеткен үміткерлерге біз, әрине, артықшылықтар береміз.

Академик Ш.Есенов атын.ғылыми-білім беру қоры жыл сайын 10 жеңімпаздың виза мен сақтандыру, жол, тамақтану және де тұрмыстық шығындарын қамтиды.  Нәтижесінде қор бағдарламасының түлектері тағылымдамалырын Калифорния технологиялық институты, Гарвардтың медицина мектебі, Рочестердің технологиялар және Каролинский институттары, Тафтс университеті, Швейцариялық жоғарғы техникалық мектебі, Техас және Бостон университеттері секілді оқу орындарында өткізді.  Қазақстандықтар үш айлық тағылымдама барысында дүниежүзінің үздік зертханаларында баға жетпес тәжірибе алып, таңдаған кәсіптерінде білім жинап, өздерінің ғылыми жұмыстарын да тереңдей зерттеп, кәсіпқойлармен кездесіп, таныстар аясын кеңейтеді. Айтылғандардың барлығы да мансаптарын шетелде де Қазақстанда да сәтті жалғастыруға мүмкіндік береді.

– Байқауға қатысу үшін қазанның 19-на дейін қорға толтырылған өтінімді жолдау қажет. Өтінімді вебайтымыздан таба аласыздар. Өтінімнен басқа қосымша құжаттар тізімі де бар; бұларды да қор сайтынан көріңіздер. Құжаттарыңызды біздің электрондық поштамызға: info@yessenovfoundation.org жіберу қажет.  Осыдан кейін міндетті түрде бізге қоңырау шалып, құжаттарыңызды алғанымызға көз жеткізіңіздер (тел.: + 7 727 349 40 04).  Жаңа жылдық демалыстардан кейін, яғни қаңтардың 9-на таяу бірінші сатының іріктеу нәтижелері белгілі болады. Одан әрі, бірнеше күннен соң байқаудың екінші сатысын өткізетін боламыз, – деп бағдарламаның үйлестірушісі Ильзира Алдагарова түсіндірді.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасының жеңімпаздарын келер жыл – Академик Шахмардан Есеновтың 90-жылдығы – ақпан айының басында білеміз.

10.10.16, Жаңалықтар

Көру саны: 72

Другие новости