ЕКІНШІ МАУСЫМ АЯҚТАЛДЫ

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 2014 жылдан бастап жүзеге  асырып келе жатқан «Есеновтік оқулар» қонақтық дәрістерінің екінші маусымы аяқталды.

Қазақстандық жоғарғы оқу орындарында жыл соңы емтихандары қарсаңында «Есеновтік оқулар» дәстүрлі түрде келесі оқу жылына дейін үзіліс жасайды. 2015-ші жылдың қазан айында басталған  бұл маусымда әр түрлі саладағы танымал он бір мамандармен 22 дәріс өткізілді. Осы кезең ішінде дәрістерді тыңдауға 1200-ден астам адам қатысты.  Дәрістер келесі университеттерде өтті: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ-Британ техникалық университеті, Almaty Management University, «Нархоз» Университеті (бұрынғы Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет) және де Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.

«Есеновтік оқулар» – студенттерге нарықтағы, әр түрлі саладағы ұсынылған жағдай жайлы нақты түсінік беретін және де өз мүмкіншіліктерін, шамаларын бағалауға мүмкіндік беретін мамандардың, компания өкілдерінің қонақтақ дәрістер бағдарламасы.  Осы маусымда университет студенттерімен өз тәжірибелерімен кәсіпкер Андрей Астахов, «Жас кәсіпкерелер клубының» директоры Павел Коктышев, қазақ-қытай компаниясының директоры Тілектес Адамбеков, стартап құрылтайшысы Эльдар Ахметгалиев, баспашы Олег Хе, сонымен қатар ультрамарафоншы және триатлет Артем Якуповбөлісті.

Бағдарлама координаторы Григорий Ли берген мәліметінде: «Келесі оқу жылында біз қордың негізгі бағытына сай келетін 10-нан астам геология саласының мамандарын шақыруды жоспарлап отырмыз»- деді. «Ал дәрістер шоғырын түрлендіру және де жастарға қызықты болу үшін, дизайн және де басқа бүгінгі күнде өзекті қызмет салаларының мамандарын тарту жоспарлары бар.  Біз сонымен қатар «Есеновтік оқулар» жайлы фильм түсіруді және өткен 2-маусым дәрістерінің презентациялары мен лекторлардың өмірбаяндарының электронды топтамасын шығаруды қарастырып жатырмыз.»

Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы маусымда «Есеновтік оқуларды» Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және басқа да Қазақстан университеттерінің 550 студенттері тыңдап шықты. Жастрамен болған бес кедесудің лекторлары – бұл Джеймс Джексон (Кембриджс университеті), Анчо Перес (автор және инноватор, уәждемелік лектор), Нурлан Кулшинбаев («Тенгизшевройл») және Валихан Тен (World Class).

23.05.16, Жаңалықтар

Көру саны: 52

Другие новости