МҮЛДЕМ ЖАЛЫҚТЫРМАЙТЫН ДӘРІСТЕР!

Сізде бірінші болуға деген батылдық бар ма? Болса, онда алдыңа тамаша бір мақсат қоя біл – 2016 жылдың 24-сәуірінде өтетін «Алматы марафонына» қатыс. Ал АҚШ зертханаларындағы жазғы тағылымдама ше? Осындай тағылымдамаға түсе алатыныңа сенем десең және марафонның егжей-тегжейін үйренгің келсе, «Есеновтік оқулар» дәрістеріне қатыс.

Жақын арадағы екі «Есеновтік оқулар» бағдарламасының дәрістерінің «Алматы Марафон» ұйымдастырушыларының бірі, ультрамарафоншы және триатлет Артем Якупов дәріс оқиды. Ол бірінші болу батылдық екені және де марафонның маңызды өмірлік сұрақтарға қалайша жауап ұсынатыны жайлы баяндайды. Сонымен қатар Артем жүгірудің 4С құпиясын ашады. Ал, жазғы тағылымдамадан өткен студенттер – Асель Ежикова және Берік Калиуллаев – қалайша грант жеңіп алуға болатыны жайлы айтады. Олар байқаудан және тағылымдамадан өту тәжірибесімен бөліседі.

27 қазан – С.Д.Асфендияров атындағы Медициналық университеті,

28 қазан – Т.Рыскулов атындағы Жаңа экономикалық университеті.

Альберт Эйнштейн: «Адамдарды оқытудың дұрыс жолы – оларға үлгі болу» деген. «Есеновтік оқулар» жобасы ұлы ғалымның қағидасы негізінде құрылған. Факультативтік дәрістер студенттерге жеке даму мүмкіншіліктерін кеңейту үшін қажетті қосымша ақпарат пен білімді ұсынады. Жоба барысында Қазақстан университеттерінде әр саладағы атақты мамандар өз жетістіктері және жетістікке жету жолдары жайлы дәріс оқиды.

Егер де «Есеновтік оқулар» дәрісін өз ЖОО өткізуді қаласаңыз, бізбен хабарласыңыздар:

Григорий +7 (705) 888 57 88, grigoriy.l@yessenovfoundation.org // Жадыра +7 (771) 775 63 32, zhadyra.s@yessenovfoundation.org

тел.:+7 (727) 349 40 04/05

26.10.15, Жаңалықтар

Көру саны: 70

Другие новости