ГРАНТҚА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

15 желтоқсан күні Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры қазақстандық студенттерден АҚШ зертханаларындағы ғылыми жазғы машықтанудан өту грантына өтінім қабылдауды аяқтады.

Байқауға 19 ЖОО студенттерінен жалпы саны 146 өтінім түсті. Алдыңғы жылдармен салыстырсақ, 2014 жылы тек қана 64 өтінім түскен еді. Олардың ішінде: Халықаралық ақпаратты техногиялар университеті, Қарағанды мемлекеттік  техникалық университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қазылорда мемлекеттік университеті және де Сүлейман Демирель университеті бар. Байқауға ең көп 84 өтінім жіберген – Nazarbayev University. Белсенділік көрсеткендер арасында сонымен қатар Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚБТУ, Асфениядров атындағы ҚазҰМУ және Академик Букетов атындағы ҚарМУ де бар.

Қантардың 5 қордың веб-сайтында байқаудың екінші кезеңіне өткен 30 үздік студенттің тізімі жарияланады. Екінші кезең 2016 жылдың 22-25-ші қаңтар аралығында Астана және Алматы қалаларында сұхбаттасу және ойын формасында өтеді. Екінші сатының өтетін нақты орны мен уақыты қор сайтында жарияланатын болады.

1-ші ақпанға дейін 10 жеңімпаздың есімдерін анықтап және жариялауды жоспарлап отырмыз. 2016 жылы жаз айында жеңімпаздар Американың ең үздік зертханаларына аттанады. Естеріңізге саламыз, 2015 жылдың 9-шы қазан күні қор қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану-ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2, 3-курс студенттеріне АҚШ зертханаларында ғылыми машықтанудан өту грантына байқау жариялаған болатын.

18.12.15, Жаңалықтар

Көру саны: 68

Другие новости