ФИНАЛ АЛДЫНДА

Академик Ш.Есенов атындағы қор «АҚШ IT-стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасы конкурсының бірінші кезеңін аяқтады. Екінші кезеңге 19 қатысушы іріктеп алынды. Ал, екі аптадан кейін біз Кремний алқабына аттанатын бес жеңімпаздың есімдерін білетін боламыз.

ФИНАЛ АЛДЫНДА Екінші кезең аясындағы үміткерлермен  сұхбат алдағы екі апта ішінде өтетін болады. Шамамен 15 қарашада Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қамқоршылар кеңесі конкурстың 5 жеңімпазының тізімін бекітеді. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бес жеңімпаз  тағылымдамадан өту үшін алты айға АҚШ-тың ең үздік стартаптарына аттанатын болады.  Үміткерлерден сұхбат алуға қор сарапшыларымен қатар, Крений алқабының өкілдері қатысады деп күтілуде.  Қор олардың қай үміткерге қызыушылық танытатынын білу мақсатында, оларға  екінші кезеңге өткен қатысушылар туралы ақпараттарды  жіберді.

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының бағдарламалар менеджері Ильзира  Алдагарова, конкурстың барысы жайлы былай деп айтып өтті:

— Біз былтырғымен салыстырғанда аз өтінім алдық (43 қарсы 74), алайда олардың сапасы айтарлықтай өскен және де байқау қатысушылары арасындағы бәсекелестік жоғары деңгейді көрсетіп тұр: 1 грантқа 8 үміткер. Осы жылы жеңіске үміткерлер неғұрлым кең портфолиолар ұсынды, сонымен қатар олардың ұсыныс хатттары да тұрарлықтай. Ізденушілердің ғылыми, әлеуметтік және волонтерлік қызметтегі жетістіктерін де атап кеткен жөн. Ал кейбір шығармалар, ондай жұмыстардың үлкен санын оқыған және де IT-саласына еш қатысы жоқ мені, шабыттадырғаны соншалық, тіпті мен өзімді осы бағытта сынап көрсем бе деп те ойлап қалдым

Бағдарлама байқауы жеңімпаздарының тағдырын шешетін сарашылар кеңесін Академик Ш.Есенов атындағы қордың Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Эльдар Ахметгалиев (МФТИ және Caltech түлегі, Mocap Analytics құрушысы, Sportradar-да жұмыс істейді) басқаратын болады. Сондай-ақ, онымен бірге жеңімпаздарды анықтауға Ерлан Идельбаев (Мерсед Калифорниялық университетінің студенті (PhD)) пен Нұрлыбек Қасымов (Боулдередегі Колорадо университетінің түлегі (PhD), бағдарламашы) қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қазан күні қор конкурс финалына 18 қатысушы өткенін хабарлаған болатын. Сол күні бізге Данияр Космуханбетов өз өтінімі жайлы білу мақсатында хабарласты. Алайда, қор қызметкерлері аталмыш қатысушының өтінімін қордың электронды почтасынан таппады. Данияр бізге өз өтінімін қайта жіберді, байқағанымыздай өтінім байқаудың соңғы күні, 22 қазанда, жіберілген болып шықты. Д.Космуханбетовтың өтінімін мұқият қарастырып, қор үйлестірушісі И.Алдагарова және сарапшылар кеңесінің төрағасы Э.Ахметгалиев грант ізденушісінің өтінімін тұрарлық деп шешіп, оны екінші кезең финалистерінің қатарына қосты.  Осылайша, конкурсқа 43 өтінім келіп түсті, және де олардың 19 екінші кезеңге өтті. Жаңартылған финалистер тізімі қор сайтында жарияланған.

 

 

 

31.10.17, Жаңалықтар

Көру саны: 54

Другие новости