«ӨРЛЕУ» – БҰЛ БИІККЕ ҚАРАЙ ҰМТЫЛЫС!

Жаңа 2022 жылға Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры аз қамтылған жас қазақстандықтарға, соның ішінде жетімдерге және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектесетін жаңа «Өрлеу» бағдарламасымен қадам басты. Біз жаңа бағдарламаға қатысты сұрақтармен қайырымдылық ұйымының атқарушы директоры Айғаным Малишеваға жүгіндік.

Қорға тағы бір жаңа бағдарлама не үшін қажет?
Ең алдымен, бұл елге қажет, өйткені ол арасында талантты адамдар көп аз қамтылған балалар үшін мүмкіндік береді. Біз үшін оларды қаржылық себептерге байланысты қол жетімді емес қажетті білім алу мүмкіндігінен айыру әділетсіз болып көрінеді. Сондай-ақ, келесі жылы – академик, ғалым және ғылымды ұйымдастырушы Шахмардан Есеновтың туғанына 95-жыл толады. Бұл күнді осы әлеуметтік маңызды бағдарламаның ашылуымен атап өтуге шешім қабылдадық.

«Өрлеу» қордың басқа бағдарламаларынан (мысалы, шәкіртақылық немесе ғылыми тағылымдамалардан) несімен ерекшеленеді?
Бағдарламаның атауын аударсақ ол «жылжу, даму, биікке қарай ұмтылу» дегенді білдіреді. Байқауға мемлекеттік грантты ала алмаған және жоғары білім алуға ниет білдірген мектеп оқушылары мен колледж түлектері қатыса алады. Сонымен қатар, олардың үлгерімі өте жоғары болмағанымен,  жақсы болуы мүмкін (яғни, үш деген баға болмауы тиіс). Ең басты өлшемшарттар:   байқауға қатысушының аз қамтылған отбасыдан болуы және өз өмірі мен өз отбасы өмірінің сапасын жақсарту үшін осы әлеуметтік лифтті пайдалануға деген ұмтылысының болуы. Бұл бағдарламаға жетім балалар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардан өтініштер қабылдайтын боламыз.

Өзімізге адал болып қала береміз: қор осы бағдарламада жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, денсаулық сақтау сияқты салалардағы мамандықтарға қолдау көрсетеді. Грант тек бір академиялық жылға бөлінеді, бірақ грант иегері жыл сайын  байқауға қатысып, оны қайтадан ұтып ала алады. Бұл ретте оқу үлгерімі де жақсы болуы тиіс,  өйткені қор оқу ақысын семестр сайын төлеп отырады. Бұл жеңімпаздар үшін жақсы ынталандыру болады. Біз оқу ақысын бірден толық төлеу дұрыс емес деп санаймыз. Осылайша балалар тегін білім алу мүмкіндігі мен оқуда жетістікке жету қажеттілігі арасындағы тікелей байланысты көре алады.

Жеңімпазға тағы не беріледі, қанша грант болады, оқушыларға қанша грант, колледж түлектеріне қаншасы бөлінетіні алдын ала анық бола ма?
Бұл бағдарлама-пилоттық жоба, яғни бірінші жылдың нәтижелеріне байланысты конкурстың шарттарын одан әрі өзгерте, түзете, толықтыра аламыз. Жалпы 2022-2023 академиялық оқу жылына құны бойынша шектеусіз 10 грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Қажет болған жағдайда (басқа қаладан келгендер үшін) тұрғын үй, тамақтану, интернет және басқа да шығындарды төлеуге жеткілікті стипендия бөлуді жоспарлап отырмыз. Біз гранттар санын қатысушылар санаттары арасында бөлмейміз. Біз үшін үміткердің отбасы оқу ақысын төлей алмайтыны, ал ізденуші оқығысы келетіні маңызды.

«Өрлеу» байқауы қашан өтеді?
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың сәуір айының соңында басталып, шілде айының соңына дейін жалғасады. Жеңімпаздар тамыз айында, мемлекеттік білім грантын жеңіп алған тізімдер жарияланғаннан кейін екі-үш күн өткен соң анықталады.

Байқау қалай өтеді?
Дәстүр бойынша бірнеше кезеңмен өтеді. Бірінші кезеңде үлгерім, мотивация, волонтерлық тәжірибеден басқа, ізденуші мен оның отбасының қаржылық жағдайын, яғни олардың оқуға ақша алу мүмкіндігі расында да жоқ па, соны қарастырамыз. Екінші кезең – жеке және топтық онлайн әңгімелесу. Мұнда іске кәсіби психолог кіріседі. Бұл кезеңде біз жеке қасиеттерін және кейбір білімдерін (мысалы, тілдік) бағалаймыз. Біз ізденушінің мақсаттары қаншалықты айқын, оның жаңа ақпаратты қабылдау және талдау қабілеттері қандай, оның эмоциялық интеллектісі, ұйымдастырушылық қабілеттері, коммуникативтілігі мен икемділігі қаншалықты дамыған, өмірлік ұстанымы қаншалықты белсенді екенін және т. б. түсінуіміз керек.

Жалпы Ш. Есенов атын. қорға пандемия жағдайы қалай әсер етеді?
Пандемияға байланысты конкурстық бағдарламалар бойынша іріктеуді біз тек онлайн режимде жүргізуге мәжбүрміз. Егер 2020 жылға дейін біздің қызметкерлер университеттерге өздері барып, қор туралы, конкурстық бағдарламаларға құжаттарды қалай дұрыс дайындау керектігі туралы әңгімелесесулер жүргізген болса, қазіргі жағдайда барлық кездесулер Zoom немесе Microsoft Teams арқылы өтеді. Шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге бөлінетін грантта екпе алуға (егер ақылы тағылымдамадан басқа мүмкіндік болмаса), ПТР-тестілеуге және қажет болған жағдайда қонақ үйде карантиндік тұруға қаражат көзделген. 2022 жылы жеңіп алатын аймақтық университеттің студенттеріне арналған ағылшын тілі бағдарламасы да онлайн режимінде өтетіні анық.

Қорда хабарлағандай, қайырымдылық ұйымы аталған Шахмардан Есеновтың туғанына 95 жыл толуына байланысты қор академиктің отаны Қызылорда облысы Тартоғай ауылында оқушылар арасында ғылыми баяндамалар байқауын өткізеді. Оның он жеңімпазы көтермелеу ретінде Алматыға екі күндік экскурсиямен бару мүмкіндігіне ие болады. 2022 жылдың қаңтарында қор ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпаздарын іріктеуді аяқтайды (олардың саны 10 болады), ал 1 сәуірге қарсы стипендиялық бағдарлама конкурсының жеңімпаздарын жарияланатын болады (20 адам Есенов стипендиясының иегері болады). Сондай-ақ, көктемде алдағы академиялық жылы ағылшын тілі бағдарламасы өтетін өңірлік жоғары оқу орны іріктеледі. IT-тағылымдамалардың түрі өзгертілген бағдарламасының байқауы да өтеді, оның атауы да қазір «Yessenov Launch Pad» деп өзгертілген және де ол бағдарлама ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін жастардың біліктілігін арттыруға қызмет етеді. Тамыз айында «Өрлеу» бағдарламасы да өзінің 10 жеңімпазын жариялайтын болады. Жалпы, 2013 жыл – академик Ш.Есенова атындағы ғылыми білім беру қоры құрылған жылдан бастап осы уақытқа дейін – бір жарым мыңға жуық жас қазақстандық осы ұйымның тікелей бенефициарлары, грант-алушылары атанды.

27.12.21, Жаңалықтар

Көру саны: 166

Другие новости