«Өрлеу»: бакалавриатқа 10 грант беріледі

14 шілдеде Yessenov Foundation «Órleý» («Өрлеу») әлеуметтік-бағдарланған бағдарламасына өтінімдер қабылдауды аяқтайды. Оның жеңімпаздары – аз қамтамтылған отбасынан шыққан қазақстандықтар – Қазақстанның кез келген жоғары оқу орнында бакалавриатта жылдық оқуға арналған грантты жеңіп алады. Биылғы жылы бағдарлама екінші рет өтіп отыр. Осы жылы бағдарламаға өтінімдерді қабылдау қағидалары немен ерекшеленеді және де өткен жылғы жеңімпаздардың тағдыры қандай? Осы сұрақтарға қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева жауап береді.

Былтырғы жылғы бағдарламаның төрт жеңімпазының қалай оқып жатқанын айтып беріңізші. Жеңімпаздардың біреуі – Ләйлә Әлімқұлова – грантты қорға қайтарды, оның себебі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бакалавриатқа бүкіл 4 жылдық білім алуын өтейтін басқа грант жеңіп алуы. Алайда қорымыздың тарихында ол бағдарламаның жеңімпазы болып қалады. Қалған үш жеңімпаз алғашқы сессияларын тапсырып, оқу жылын аяқтап жатыр. Дегенмен де, олар барлық пәндерді бірдей жақсы игере алмады: GPA баллдары 3-тен жоғарысы, сондай-ақ одан төмені де бар. Алайда олар тырысып жатыр.

Олардың бакалавриаттың екінші жылын төлеу мәселесін шешу жоспарларын білесіз бе, себебі қордың гранты тек оқудың бірінші жылын өтейді емес пе?
Ануарбек Ашықбаев «Órleý» бағдарламасына қайта өтінім беретінін нақты айта аламыз. Ол бұл туралы бізге өзі хабарлады. Ануарбек қордың бағдарламалар жеңімпаздарының санына үйлесімді қосылды, іс-шараларымызға, басқа бағдарламалардың жеңімпаздарымен кездесулерге қатысып отырады. Өршіл адам ретінде, ол қордың ғылыми тағылымдамалар байқауына қатысуды жоспарлап отыр Сондай-ақ Қымбат Оқас, бағдарлама аясында қордың грантына өтінімді беретіні анық. Естеріңізге сала кетейін, жеңімпаз болған жастардың келесі оқу жылының ақысын төлеу үшін байқау негізінде грантты алуға өтінім беру құқығы бар деп шешім қабылдадық.

Кімнің «Órleý» бағдарламасына өтінімді беруге құқығы бар?
Yessenov Foundation бұл байқауды жоғары білімді (бакалавриатты) төлеу үшін грант ала алмаған, аз қамтылған отбасылардан шыққан абитуриенттер үшін өткізеді. Жаратылыстану-ғылыми, техникалық ғылымдар және педагогикалық бағыттар (тек қана жаратылыстану-ғылыми пәндер) бойынша мамандық алу үшін қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуды жоспарлап отырған мектеп, балалар үйі, жастар үйі, колледж түлектері бағдарламаның қатысушысы бола алады. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар жастардан да өтінімдер қабылданады.

Биылғы жылғы бағдарлама ережесінің былтырғыдан айырмашылығы қандай?
Біз байқауды екінші жыл ғана өткізіп отырмыз, алайда бірінші жылдың кейбір сабақтары ережедегі өзгерістерге әсер етті. Биыл алғашқы рет байқауға педагогикалық мамандықты таңдағандар қатыса алады. Бірақ бір ескерту бар: бұл жерде тек қана жаратылыстану-ғылыми пәндердің мұғалімдері жайлы. Өтінімнің өзін біршама жеңілдеттік, кейбір құжаттардың міндетті талабын алып тастадық. Мысалы, отбасының құрамы туралы, көп балалылық, бала күту бойынша анықтаманы қоса беру енді қажет емес. Әлеуетті грантқа үміткер жеңіске жеткен жағдайда қор одан алда нені күтетінін түсіну үшін, грантты алу шарттары мен төлеу тәртібі нақтыланды.

Адамдар аталмыш бағдарлама туралы қалай және қайдан біледі?
Қазақстанға интернеттің жоғары енуін есепке аламыз, сондықтан Инстаграм, Фейсбук, Телеграм сияқты әлеуметтік желілерде қордың бағадарлама байқауларын жариялауға арналған дәстүрлі аккаунттарын іске қосамыз, және де барлық серіктестерімізге және бей-жай емес адамдарға репосттары үшін алғыс айтамыз. Сонымен қатар, бұдан басқа, сәуір айында барлық мүдделі ұйымдарға – Ғылым және білім министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, әрбір облыстың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне және де білім беру басқармаларына, бейінді ҮЕҰ-ға, колледждерге және жоғары оқу орындарына байқау туралы ақпарат жібердік.

Былтырғы жыл бағдарламасының төрт жеңімпазынан екеуі бағдарлама туралы ақпаратты оқуға тускісі келген университеттердің сайттарынан білген. Жіберілімдерді жасап, хабарламаның алынғанына, жұмысқа қабылданғанына, орындаушылардың тағайындалғанына, хабарламамыздың бөлімшелер мен департаменттердің тізбегі бойынша әрі қарай таратыла басталатынына көз жеткіздік – елімізде осы әдістің ең тиімді екенін тәжірибе көрсетті. Сондай-ақ, өткен жылы біз әрбір облыстағы әлеуметтік қорғау органдарына да күні бұрын хабарлай бастадық, бірақ, өкінішке орай, мұның тиімділігі өте төмен болды. Әрине, әрбір аудандық ауылдық мектепке дейін жеткізуге мүмкіндігіміз жоқ, бірақ-та неғұрлым көбірек аз қамтамтылған отбасынан шыққан жастар мен олардың отбасылары бағдарлама туралы білу үшін барынша күш саламыз.

Неліктен қордың өткен жылы жоспарланған 10 гранттан тек қана 4 грантты бөлгенін еске салайық, себебі жағдай қайталануы мүмкін.
Әрбір бағдарламаның ережесінде біз жоспар бойынша бөлінетін гранттардың санын, сондай-ақ егер олардың санын өзгерту қажеттілігі пайда болса, Yessenov Foundation өзі жеке шешім қабылдайтынын көрсетеміз. Неліктен бұлай болып жатады? Өйткені байқау барысында, мысалға, қатысушылардың көп бөлігінің ереженің талаптарына сәйкес келмейтіні, оқу үлгерімі төмен немесе білім алуға уәждемесі төмен екені анықталуы, өзге де себептер болуы мүмкін. Осындай жағдайда біз қандай да болсын салада өз білімдері мен дағдыларын әлі де жақсарту керек болатын жастарды таңдамай, тек жеңімпаздардың санын азайтамыз. Біздің он жыл жұмысымыз аясында байқаудың финалында мысалы, 9 емес (ережеде мәлімделгендей), 10 адамның жеңіске үміткер екенін айқын көргеніміздіктен ғана жеңімпаздардың санын көбейткен жағдайлар да болды.

Биыл бағдарламаның байқауы қалай өтеді және жеңімпаздар қашан белгілі болады?
Қазір өтінімдерді қабылдау процессі болып жатыр. Өтінімді 14 шілде сағат 15:00-ге дейін беруге болады. Сонан соң қор қызметкерлері келіп түскен өтінімдерді қарайды және байқаудың талаптарына сәйкес келмейтін ізденушілерді алып тастайды. Кейде техникалық проблемалар да болуы мүмкін, мысалы, келіп түскен құжаттар ашылмай жатады. Бұндай жағдайда осындай құжаттарды жіберген адамдармен жеке жұмыс істейміз. Одан әрі ізденушілердің өтінімдерімен сарапшылар жұмыс жүргізеді. Екінші кезеңге өткендердің тізімі 23 шілдеден кешіктірмей қордың сайтында жарияланады. Осыдан кейін (7 тамызға дейін) психолог қор қызметкерлерімен бірлесіп үміткерлермен онлайн сұхбаттасу (жеке және топтық) жүргізеді. Біз үшін жастардың қаншалықты білім алғысы келетіні, мотивация деңгейінің қаншалықты жоғары екені өте маңызды. Жеңімпаздардың есімдері 8 тамызда белгілі болады. Әрі қарай қор олармен шарт жасасады, оқытуды және, қажет болғанжағдайда, шәкіртақыны төлейді. Егер де сұрақтарыңыз болса, қызметкерлерімізге жүгінуге ұялмаңыз, олармен байланысу ақпараты бағдарламаның ережесінде көрсетілген.

8.05.23, Жаңалықтар

Көру саны: 244

Другие новости