YOUTHMOBILE ЖАЗДЫҚ МЕКТЕБІ

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросы «Клооп Медиа» қоғамдық қоры және академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорымен бірлесіп ЮНЕСКО YouthMobile бағдарламасы аясында тұрақты дамуға бағытталған Қазақстан мен Қырғызстаннан 10 бойжеткен мен 10 жігітке мобильді қосымшаларды өңдеуге арналған екі он күндік курс ұйымдастырады.

Семинар жастардың жұмысбастылығын арттыруға, ал программалау қабілеті оларды олардың дәлелді шешім қабылдауына және еңбек нарығына шығуына жағдай жасайды. Жоспар бойынша алғашқы он күндік курсы Бішкек қаласында шілденің 4-і мен 15-і аралығында өтсе, келесі ондкүндік 19-і мен 30-ыжұлдыздарнының аралығында Алматы қаласының өзінде өтеді.

YouthMobile курсы ақпаратты-коммуникациялық технологияларды қолдауға, мобильді программалауды оқытуға, ерекше қабілеті бар жас қыз-жігіттердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.  «Курс «Клооп Медиа» мен ЮНЕСКО және мобильді технологиялар саласының халықаралық сарапшылары даярлаған ашық оқыту модуліне негізделген», — деді Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросының директорының м.а., Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріндегі ЮНЕСКО өкілі Андрей Шевелев.

Тренингтің мақсаты:
•    Java тілінде программалау негіздерін үйрету;
•    ғаламтордағы дистанционды курстарды өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру;
•    дайын пайдалы өнімді жасап шығару үшін жеңілдетілген жүйелерді қолдануды үйрету (Google Maps Android API, Google Cloud, Amazon Web Services, OpenTok);
•    нақты қолданушыға бағытталған алғашқы қосымшаларды жасау және жариялау.

Өтінім жолдаушылардың арасынан 20 қатысушы іріктелініп алынады. Байқау барысында артықшылық программалық жабдықтаудың потенциалды өңдеушілеріне беріледі. ЮНЕСКО мен «Клооп Медиа» серіктес қоры өзара кеңесе отырып ең қолайлы өтінім берушілерді қарастырып, таңдап алады.

Тренингке қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтінім бере аласыз.

24.06.16, Жаңалықтар

Көру саны: 101

Другие новости