Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ АТАУЛЫ ШӘКІРТАҚЫ БАЙҚАУЫ

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры тағайныдаған бес* атаулы шәкіртақыны ұсынуға байқау жариялайды. Шәкіртақы төлену мерзімі: 12 ай (2016 ж.сәуірінен 2017 ж. наурызына дейін).

Қазақстан азаматы болып келетін үміткерлер қазақстандық университтердің 2-3 курс бакалавриат және 1-курс магистратураның студенті болуы тиіс.

Байқауға төмендегі мамандықтарда оқып жатқан студенттер қатыса алады:

Төменде келтірілген қазақстандық университтердің бакалавриат пен магистратура білімгерлері шәкіртақы ізденушісі бола алады:

• Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;

• Тау-кен ісі;

• Металлургия;

• Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;

• Геодезия және картография;

• Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;

• Тау-кен ісі;

• Металлургия;

• Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;

• Геодезия;

• Пайдалы қазбаларды байыту;

• Картография;

• Геофизикалық әдіспен пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау;

• Маркшейдерлік іс;

• Метрология;

• Гидрогеология и инженерлік геология;

• Автоматтандыру және басқару

• Ақпараттық жүйелер

• Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Байқауға күндізгі бюджеттік және бюджеттік емес оқу бөлімінің білімгерлері қатыса алады.

Ай сайынғы шәкіртақы көлемі — 25 000 теңге. Бағдарлама бойынша шәкіртақының тағайындалуы білімгердің мемлекеттік, оның ішінде ұлғайтылған шәкіртақы алу құқығын жоймайды.

Шәкіртақы алушыларды іріктеу төмендегі талаптарға сай болған студенттер арасынан өткізіледі:

• осы оқу жылында үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» бағаланған (GPA 3-тен кем болмауы қажет);

• студенттік ғылыми-техникалық конференцияларға белсенді түрде қатысатын;

• университеттің және институттың қоғамдық өмірінде белсенді түрде қатысатын білімгерлер,

• жоғары академиялық әлеуеті (оның ішінде белгіленген саладағы қызығушылықтағы эрудиция, тәсілдемелер жаңалығы, жақсы академиялық нәтижелер)

• мамандыққа қатысты жарияланымның болуы,

• ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білуі,

• студенттік өмірде белсенділік,

• еріктілік (волонтерлік) тәжірибенің болуы,

• Транскрипт бойынша ортақ балл 3,0 кем болмауы қажет.

Ш.Есенов атындағы шәкіртақыға студенттердің іріктелуі төменде келтірілген үш тур бойынша өтеді. Сараптау комиссиясының шешімін Қордың Қамқоршылар кеңесі тексеріп бекітеді.

Шәкіртақы ізденушісі байқауға қатысу үшін 2016 жылдың 10 наурызына дейін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

• Өтінім, үлгі бойынша (Қор сайтынан жүктеледі);

• Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

• «Біз сізді үшінші турға не үшін шақыруымыз керек?» атты тақырыпқа ынталандыру жолданымы;

• Жеке куәлігінің көшірмесі;

• Білімгердің транскрипті (ортақ балл 3,3 кем емес);

• Магистратура білімгерлері үшін жоғары білімі жөніндегі дипломның көшірмесі (бакалавр, маман).

Байқауға қатысу үшін өтінімді берумен студент өзінің жеке мәліметтерін өңдеуге келісімін автоматты түрде береді.

Шәкіртақылық байқау 3 (үш) турдан тұрады. Ш.Есенов атындағы шәкіртақының 5 (бес) иегерінің тізімі сәуірдің ортасына дейін жарияланады.

Байқау ережесі мен өтінімді жүктеу

*Ескерту: Бағдарлама міндетті түрде 5 (бес) шәкіртақының 2 (екі) ҚазҰТЗУ-ның студентіне шәкіртақы алуын ұйғарады. Академик Ш.Есенов дәріс берген, жұмыс бөлмесі болған университеттің ең үздік 2 білімгерінің шәкіртақы алуына мүмкіндігі болуы Академик Ш.Есеновтың туыстары бастаған, оның атымен аталған қорд жалғастырып келе жатқан тарихи түрде қалыптасқан үрдіс.  

27.01.16, Жаңалықтар

Көру саны: 56

Другие новости