АҚШ-ТЫҢ IT СТАРТАПТАРЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА ӨТУ БАЙҚАУЫ

Силиконды жазығында тегін тағылымдамадан өтуді армандайсыз ба? Әлемнің алдыңғы қатарлы IT-компанияларының ортасында жүріп толағай табыстарға жете аламын деп ойлайсыз ба? Иа болмаса өзіңізді келесі Марк Цукерберг деп санайсыз ба?

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры сізге жан-жақты қалыптасуға мүмкіндік беруде – біз Силикон жазығындағы, (Калифорния, АҚШ), бірден-бір перспективті стартаптарда тағылымдамадан тегін өту байқауын жариялаймыз. Бағдарламаға ҚР-ның азаматтары қатыса алады.  Іріктеудің ең басты критерийі – сіздің кәсіби дағдыңыз бен өз-өзіңіздің әрі қарай жетілуге ынтаңыз.  Осы таңда ең маңыздысы – бұл сіздің кім екеніңіздің, яғни IT саласында танылған маман немесе бакалавриат/магистратура студенті болуыңыз емес, бірақ кім болуды қалауыңыз. «АҚШ-тың IT стартаптарындағы тағылымдама» – бұл сіз таңдаған мансап жолыңызда түбегейлі өзгерістер жасау мүмкіншілігіңіз.

Тағылымдама мерзімі: шілде 2016 – желтоқсан 2016 (6 ай).

Байқауға келесі категориялар бойынша IT-мамандар қатыса алады:

• Front end developer (немесе full stack)

Required knowledge: CSS, javascript.  Knowledge in any of the major backend.

• Back end developer (or full stack)

Required knowledge: proficiency in one or more of the following languages/technologies: Python, Php, C#, Java, Ruby, NodeJS

• System level programmer

Required knowledge: C/C++, WinAPI/Linux kernel. 2+ years of work experience

• Data scientist

Required knowledge: Python, MATLAB/Octave/R. Strong math background – MS (PhD preferred) in CS or other tech discipline. Knowledge of machine learning frameworks.

• Mobile developer

Required knowledge:  Objective-C/Java/C#, Cocoa/Unity, SQL/SQLite. Having complete products is strongly preferred.

• Database engineer

Required knowledge: SQL and NoSQL(Oracle/MongoDB), Distributed computing (Hadoop)

Жалпы міндетті талаптар:

• English upper intermediate (7.0 IELTS or 100 TOEFL ibt or other way to show fluency)

• Bachelor of Science in CS or other tech discipline (math, physics, and engineering) is a plus.

• Knowledge of source control (git/svn/…), command line/ssh, testing, developer methodologies (Agile/spiral/…), cloud familiarity (AWS/Azure/…).

• Work experience 1+ years

Қызығушылық танытқан жағдайда қор мекен-жайына 2016-шы жылдың 31-ші наурызына дейін келесі құжаттарды тапсыруыңызды сұраймыз:

• толтырылған өтінім, түйіндеме, жеке куәліктің скан-көшірмесі, ынталандыру хаты, кепілдемелік хат (артықшылық береді)

• IT саласында жетістіктеріңізді көрсететін толыққанды портфолио

• қосымша курстардан өткендігі туралы сертификаттар.

Барлық құжаттарды Қордың электрондық поштасына, info@yessenovfoundation.org, немесе кеңсесіне келесі мекен-жай бойынша жіберуіңізді сұраймыз:

Алматы қ., 050040, әл-Фараби даңғылы 36, «АФД» БО, блок “Б”, 4-қабат

Келесі байланыс телефондары бойынша хабарласып өтінімнің қабылданғанына көз жеткізіңіз: + 7 (727) 349 40 04/05, +7 (771) 7751815, +7 (701) 4741974.

1.02.16, Жаңалықтар

Көру саны: 79

Другие новости