ЖЕР СІЛІКІНІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯ

7-ші қыркүйектен 11-ші қыркүйекке дейін Алматыда «Орталық Азиядағы жер сілкінісі ғылымы және қауіп-қатері» атты ғылыми конференция өтеді. Оның ұйымдастырушылары – Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және Earthquakes Without Frontiers халықаралық жобасы («Шекарасыз жер сілкіністері», Ұлыбритания).  Шараны өткізуге сондай-ақ Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУҚазақстан Сейсмология институты және ғимаратында коференция өтетін Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық институты қатысады.

Ғылыми конференция өткізудегі бастамашылдардың бірі профессор Джеймс Джексон «оның негізгі мақсаттарының бірі болып Орталық Азиядағы жер сілкіністері табиғатын, олардан келетін қауіптер мен белсенді тектониканы соңғы зерттеулер нәтижелерін қорытындылау табылады» деп түсіндірді. «Біз жер сілкіністері туралы ғылымның дамуына жағдай жасау мақсатында ғылым, қоғам және мемлекеттік мекемелер арасында тиімді коммуникациялар жасауға ұмтыламыз. Зерттеу нәтижелері мен заманауи техникаларды алмасу арқылы біз Қазақстандағы жер сілкіністері саласындағы зерттеушілерді шабыттандырғымыз және көтермелегіміз, сондай-ақ түпкі нәтижесінде жер сілкінісінен болатын қатерлерді төмендету мақсатында қоғам мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың хабарландырылу деңгейін арттырғымыз келеді», – деп мәлімдеді Лондондық корольдік қоғамның мүшесі және Кембридж университетінің Жер туралы ғылымдар департаментінің басшысы, профессор Джексон.

Джексон мырзадан басқа конференцияның халықаралық делегация құрамында Непал және Германия, Үндістан мен Армения, Италия және Иран, Қырғызстан мен Қытайдан келген ғалымдар болады. Алматылық шараның бағдарламасында Қазақстандағы және Тянь-Шань тауларындағы жер сілкіністері туралы заманауи ғылымға шолу жасау және ғылымның Азия елдеріндегі жер сілкіністерінің салдарын азайту саясатына ықпал ету мәселелерін талқылау көзделеді. Конференцияның соңғы күндері – 10-шы және 11-ші қыркүйекте Алматы облысында конференция қатысушылары – ғалымдар, студенттер мен жас мамандар үшін Оксфорд университетінің тектоника профессоры Ричард Уокер мен сейсмотектоника және қазіргі заманғы геодинамика саласындағы қырғызстандық маман Қанатбек Абдрахматовтың басшылығымен жер қыртысының жарылған жерлері мен жер көшкіндерін зерттеу бойынша тәжірибелік сабақтар мен далалық зерттеулер ұйымдастырылатын болады.

Конференция аясында сонымен қатар «Жер сілкіністері: Не? Неліктен? Қалай?» атты ақпараттық брошюраның тұсаукесері өтеді. Бұл құралда жер сілкіністерінің шығу себебінен бастап, оған қалай дайындалуға болатындығы туралы мәліметке дейінгі осы қауіпті құбылысы туралы негізгі ақпарат бар. Брошюра кейіннен Алматы мектептері мен университеттері арасында тегін таратылатын болады.

Конференцияға мына жерде тіркелуге болады.

31.08.16, Жаңалықтар

Көру саны: 69

Другие новости