ЭЛЬДАР АХМЕТГАЛИЕВ ДЕГЕН КІМ?

25-ші наурыз күні Алматыда Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры қордың грант алушыларымен кездесуді жоспарлап отыр. Жыл сайын өткізілетін шара аясында 24 ғылыми тағылымдама қатысушыларымен қор құрылтайшысы Ғалымжан Есенов пен АҚШ-та жұмыс істейтін және осы үшін арнайы келетін Қомқоршылар кеңесінің мүшесі Эльдар Ахметгалиев кездеседі.

Кездесу туралы толығырақ біз наурыз айының соңында әңгімелейтін боламыз, ал әзірше сіздердің назарыңызды осы кездесу барысында болатын тағы бір қызықты оқиғаға аударғымыз келеді. Бұл – «Есеновтік оқулар» топтамасының дәрісі. Оның тақырыбы – «Ғылым мен өндіріс: коммерциялау мен дамудың келешегі». Тақырыпқа қоса Эльдар Ахметгалиев АҚШ-тағы еңбек тәжірибесі мен күнделікті өмірдің үйреткен сабақтары туралы ойымен барлық тыңдаушылармен бөліседі. Дәріс 25-ші наурыз күні Қазақ-Британ техникалық университетінде сағат 16.00-де өтеді.

Қазірде Сан Диего қаласында тұрып жатқан Эльдар Ахметгалиев – Кремний алқабының Менло Паркінде жұмыс істеумен қатар Mocap Analyticsкомпаниясының негізін қалаушыларының бірі.  Эльдар – МФТИ және Калифорния технологиялық институтының түлегі (PhD), қазіргі уақытта – СаймонФрейзер Университетінде (Канада) адьюнкт-профессор. Оның стартап ісі спорттық аналитикаға, ауқымды деректер мен баскетбол, американдық футбол, бейсбол секілді спорт саласындағы машиналық оқытуға бағытталған. Сонымен бірге Ахметгалиев мырза — қорымыздың Қамқоршылар кеңесінің мүшесі.

«Мәселе менің өмірім қандай тамаша екендігін әңгімелеуде емес, студенттерді өмірде тұрарлық іспен айналысуға ынталандыру, жігерлендіруде», – деп бөлісті Эльдар Алматыдағы жастармен болатын кездесудің алдында.

Алдағы дәріс тақырыбы не дәріс берушінің өзі қызықты болған баршаңыз үшін есік ашық. Біз барлық жоғарғы оқу орындарының студенттерін шақырамыз. Эльдарға сөз сөйлеушілер ретінде жазғы тағылымдама бағдарламасының қатысушылары – Stanford University студенті Тамирлан Сейдахметов пен Nazarbayev University студенті Күляш Жұмаділова да қосылады.

Академик Есенов атындағы қор гранттары бойынша АҚШ-тың үздік зертханаларында тағылымдамадан 19 қазақстандық өтіп болса, жас ізденушілердің онадамнан тұратын тағы бір тобы 2016 жылдың жазында осындай тәжірибе алатындығын еске сала кетейік.

15.03.16, Жаңалықтар

Көру саны: 181

Другие новости