MAKEBLOCK-тағы тағылымдама қалай өтті?

Маусым және шілде айларында  Ш. Есенов атындағы қордың «Қытайдың инновациялық кәсіпорындарындағы тағылымдама» бағдарламасының үш жеңімпазы Шэньчжэньдегі Makeblock робототехникалық стартапында жұмыс істеді.

Тағылымдама барысында олар алты бірдей жобаның іске асырылуына қатысты. Олардың арасында қимыл-қозғалысты жүргізетін роботтандырылған платформа, алты аяғы бар, қозғалатын робот-гексапод және гидроскутерге негізілделе тұрақтандырылған робот бар.  Біздің отандастарымыз квадракоптердің электронды схемасымен жұмыс жасап, кубик рубикті жинайтын роботты зерттеумен айналысты.

Makeblock-тың негізін қалаушылардың бірі Элис Джан қазақстандықтардың кәсіби дағыдылары туралы оң пікір білдірді: «Балалар жаңа ақпараттарды бар ынталарымен жылдам меңгеріп отырды. Олар дарынды мамандар екені сөзсіз». «Шынын айтқанда, бір ай мұндай тағылымдама үшін аз, тағылымдаманы 3 айға дейін созса тамаша болар еді», – деп Азамат Тикенов өз ойымен бөлісті. Қордың бағдарлама координаторы Ильзира Алдагарова өз кезегінде, алдағы уақытта қор Қытайдағы бірінші жұмыс тәжірибесін ескереді деді: «Қытай елшілігінде 3 айға виза алу өте қиын және бұл ұзақ уақытқа созылатын процесс. Сондықтан да біз бір айлық визаны алуға және тағылымдама уақытын шектеуге мәжбүр болдық. Сонымен қатар, алдағы тағылымдама бойынша келіссөздерді 2017-ші жылдың көктеміне қалдырмай, алдағы күзден бастау дұрыс болады деген қорытындыға келдік. Ал, тағылымдама қатысушылары жұмыс жасайтын жобаларды бағалы уақытты үнемдеу мақсатында алдын ала, тағылымдама басталғанға дейін анықтау керек. Бұл Қытайдағы бизнесті жүргізу ерекшеліктерімен байланысты, және де біздің жоспарларымызды табысты жүзеге асыру үшін жергілікті менталитет пен дәстүрді ескеруіміз керек»,-деп тәмамдады.

2016 жылдың шілде айының басында Олжас Адиятов Назарбаев университетінің «Master of Science in Robotics» магистратура бағдарламасына түсті.  «Жалпы тағылымдама сәтті өтті. Ол жақтан оқып-білгеннің бірсыпырасын университет зертханасында іске асыра аламын; треакторияны және қозғалысты жоспарлау саласындағы ізденістерімді ары қарай жалғастырамын.  Makebloc-тағы тағылымдамадан алған ең басты ақыл – бұл бірегей идеяны ойлап табу емес, сол идяны іс жүзіне келтіре білу тәсілін табу», – деп Олжас өз ойымен бөлісті.

Дінсұлтан Әбсаттар өз кезегінде: «Қытайлықтардың көпшілігі ағылшын тілін білгенмен, ағылшынша сөйлей алмайды. Осы жағдай, содан кейін Қытай басшылығының Google мен басқа да ресусртарды бұғаттауы біздің технологияларды меңгеруімізге кедергі болды.  Жалпы тағылымдама дипломдық жұмысымды жазуда жақсы қосымша болатына күмәнсіз. Өзімнің студенттік жобаларымның біріне айтарлықтай өзгерістер жасауды да жоспарлап отырмын.  Makeblock-тың жұмысын компания тұрғысынан бақылап, зерделеп, мен өзімнің болашақтағы қандай маман болуым жайлы, кәсіби мапсапта алға қарай жылжу үшін не керек екеніне көзім ашылды.  Бұдан басқа, Қытайда өткен тағылымдама ғылымның тілі – ағылшын тілі екенін тағы бір дәлелдей түсті.  Қытайлық ортада техникалық құжаттар мен оқулықтарды түсінуден басқа, ағылшын тілі қала ішінде жүріп-қозғалуға да көмектесті, мәселен метро, автобус аялдамалары ағылшын тілінде көрсетілген. Сондықтан да ағылшын тілі білімімді одан әрі меңгерудің тағы бір түрткісін таптым»-, деді.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың көктемінде Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры «Қытайдың инновациялық кәсіпорындарындағы тағылымдама» бағдарламасы жеңімпаздарын іріктеп алған болатын. Байқау жеңімпаздары Сүлейман Демирель Университеті студенті Дінсұлтан Әбсаттар, осы аталмыш оқу орнының оқытушысы Азамат Тикенов және Nazarbayev University түлегі Олжас Адиятов атанған болатын.

ҚХР, Шэньчжэнь қаласында орналасқан робототехникалық стартап болып басталған Makeblock қатарында 2013 жылы бас аяғы он адам болса, бүгінгі таңда 120-дан аса жұмысшылары бар.  Компанияның конструкторлық платформасында DIY («өзің жаса») роботтары жасалады.  Makeblock-тың әріптестерінің қатарында Arduino мен Microsoft бар. 150 миллион АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тарта алған стартаптың ресми дистрибьютерлерін 40 елден табуға болады.

8.08.16, Жаңалықтар

Көру саны: 84

Другие новости