БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН IT-БІЛІМ?

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры жаңа білім беру бағдарламасы үшін үздік идея ұсынуға конкурсты аяқтады. Сонымен, жеңімпаз-идеялар қандай екен?

Конкурстың қорытындылары туралы бізге жобаның үйлестірушісі Ильзира Алдагарова әңгімелеп берді:

— Біз өз міндетімізді ұстана отырып, Қазақстан үшін жаңа, тиімді және маңызды бағдарламаларды жүзеге асырғымыз келеді. Осы мақсатта конкурсжарияланды. Үшінші орынды тағайындамауды шештік. Екінші орын Қазақстан университеттерінде мұнай-газ бағдарламалық жабдықтамасын орнату идеясы үшін берілді. Идея авторы: Ерсайын Оспанов. Ал бірінші орынды Астанадан келген Ержан Сапенов иеленді.  Наурыздың 18-ші жұлдызында өткен біздің студенттермен кездесуіміз кезінде ол Катарда болғандықтан, жүлделерді табыстау шарасына осы идеяны әзірлейтін топтың өкілі Ардақ Байжақсынова келді. Жеңімпаздарға біз «Алтайдан Каспийге дейін» атластарын сыйладық. Үш томдық энциклопедиялық басылым Қазақстан ғалымдары, тарихшылары, археологтары, геологтары, географтары мен картографтарының көп жылғы еңбегінің нәтижесі болып табылады. Басылымда еліміздің ескерткіштері мен көрікті жерлері туралы, тарихы, география мен мәдениеті жөнінде көптеген деректер, құжатты фактілер қатар 3 000-нан аса сурет бар. Е.Сапеновтың тобы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ІТ-білім беру курстарын өткізуді ұсынды.  Біз бұл идеяны маңызды деп санаймыз, дегенмен біз оны алдын ала зерттеуіміз, зерделеуіміз керек: оның қажеттілігін, балалар үйлері ниетімізді жүзеге асыруда қаншалықты дәрежеде көмектесуге даярлығын, тәрбиеленушілердің өздері қызығушылық таныта ма екендігін түсіну . Бұдан кейін қор бұл жобаны инвестициялау туралы шешім қабылдай алады. Біз Ерсайын мен Ержан бастаған топтарды жеңістерімен құттықтаймыз.  Конкурсқа ат салысып, қатысқан баршаға алғыс білдіреміз.

28.03.17, Жаңалықтар

Көру саны: 50

Другие новости