ГРОССМЕЙСТЕРЛЕР ОЙЫНЫ

Алматы қаласында ФИДЕ Президентінің жүлдесіне шахматтан Орталық Азия кубогы аясында бір мезгілді ойынның ерекше  сеансы  өтті.

Сеансқа бірінші болып тіркелген 30 шахмат әуесқойларымен бірден екі бірдей гроссмейстерлер шахмат партиясын ойнады: Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, үш бірдей шахмат олимпиадаларында Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы, Азия Кубогының иегері, халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев және 15 жастағы гроссмейстер, Азия чемпионы, балар арасындағы әлемнің төрт дүркін чемпионы Жансая Әбдумалік.

Сеанстың ең жас қатысушысы – бес жасар Айлана Абылқасенова болса, жасы ең үлкені – 71 жастағы Асқар Билялов болды. 3 сағатқа созылған сеанс нәтижесінде 4 партия тең ойынмен аяқталса, ал қалған 26-сында Әбдумалік пен Джумабаев үстем түсті. Орталық Азия Кубогы 29-шы қараша күні марапаттау салтанатымен аяқталды.

24.11.15, Жаңалықтар

Көру саны: 114

Другие новости