IESO: КОРЕЯДАН 5 МЕДАЛЬМЕН

Кореяның Тэгу қаласында Жер ғылымы бойынша өткен XIII халықаралық IESO 2019 олимпиадасынан Қазақстандық оқушылар командасы бес медаль алып келді. Олимпиадаға әлемнің 43 елінен 160-тан астам оқушы қатысты.

– Біздің жастар бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Екі қола медальді жеке есепте, тест шешу тапсырмасын жақсы орындаған, Рустам Валеев пен Әмір Жолдасбеков иеленді. Айбике Жағапарова күміс және қола, ал Рустам Валеев қола медальды қанжығасына байлады. Енді екеуі де халықаралық команда құрамында, – деп хабарлады академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бағдарламасының үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

Ең көп алтын медальді Оңтүстік Корея мен Жапониядан келген жер туралы ғылым әуесқойлары жеңіп алды. Ал Тайвань оқушылары өңір бойынша көршілерінен біраз артта қалып қойды. Австралия, Қытай, Чехия және Румыния командаларында бір алтынан бар. IESO 2019 ұйымдастыру комитетінің төрағасы професор Чан Джонг Ким қатысушыларға арнаған сөзінде – “Бүгінгі ұйымдастырылып отырған IESO 2019 – әлемнің ең дарынды студенттері үшін — жер туралы ғылым саласындағы болашақ мансапқа апарар жолдағы тамаша және беделді бастапқы алаң”- деп айтып өтті.

– Олимпиада қиын болды. АҚШ пен Қытайдан келген қатысушылардың дайындықтары өте жоғары деңгейде екенін байқадық. Олар әрдайым жоғары нәтижелер көрсетеді. Алайда басқа да қатысушылар жеңіске лайықты болды, себебі бұл Олимпиадаға Әлемнің ең үздіктері келді. Кестеміз өте тығыз болды, сонымен қатар климаттың алмасуы да әсер еткен болар, өз мүмкіндіктерімізді толығымен көрсете алмадық – деді қазақстандық құраманың қатысушысы Рустам Валеев.

Қазақстандық командаға іріктеуді “Жас Геолог”қоры жүргізді. Биыл команда құрамына кіру құқығы үшін еліміздің әр қалаларынан 150 оқушы сынға түсті.

– Бұл олимпиада алдыңғы Олимпиадаларға қарағанда айтарлықтай жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Біздің балаларымыздың бәсекелестігі де жоғары болды. Мысалға алар болсақ, Қытайдың атынан келген 4 қатысушы 10 000 — нан астам үміткердің арасынан іріктеліп алынған үздіктер, – деді қазақстандық команданың тәлімгері Жанат Исмаилова, “Жас геолог” қоры.

IESO алғаш рет 12 жыл бұрын Кореяда өткен болатын. Жер туралы ғылымдар олимпиадасы 2020 Ресейдің Тюмен қаласында  өтеді, ал 2021 жылы оны Қытай қабылдайды.

4.09.19, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 94

Другие новости