IELTS ДЕЙСІЗ БЕ? ТАПСЫРДЫҚ!

Ақтау қаласында Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының ағылшын тілі бағдарламасының 11 студентіне арналған IELTS емтиханы аяқталды.

Емтихан қор бағдарламасы үш жылдан бері өткізіліп жатқан Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг (КМТИУ) университетінде өтті. Бағдарлама мақсаты – білім алушылардың ағылшын тілі деңгейін арттыру. IELTS емтиханын өткізу үшін Алматыдағы Британ Кеңесініңмаманы Амин Муджаед (Ameen Mujaed) келді. Тапсырған 11 студенттің бесеуі 5-тен жоғары, тағы бес студент – 6 және одан жоғары балл алды. IELTS тапсырған қор бағдарламасының қатысушылары арасында келесі студенттер бар: Артем Святенький мен Әсел Борашева, Әсемхан Андирова менБағлан Еріш, Бану Дүзелбай мен Баян Толбаева, Виктор Обухов пен Гүлайым Ілесбаева, Гулбану Таубаева мен Қанат Қозбағаров жәнеРаушан Үмбетова.

КМТИУ-да ағылшын тілі бағдарламасының жүзеге асырылған жылдары ішінде 262 адам оның қатысушылары болып шықты. Биылғы жылы 23 оқытушы мен 33 студент, «Мұнай және газ», «Көлік және құрылыс» факультеттерінің 2-ші, 3-ші курстарының білім алушылары бағдарлама бойынша өздерінің ағылшын тілі деңгейлерін арттырды. Осы жылғы бағдарлама қатысушыларының 11 үздік студенті IELTS тапсыру үшін аралық тестілеудің нәтижелері бойынша іріктеліп алынды.

30.05.16, Жаңалықтар

Көру саны: 68

Другие новости